Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астананың 20 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей Президенті Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тіледі", - делінген хабарламада.
Мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
"Әңгімелесу барысында Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Қазақстанның елордасы – Астананың 20 жылдығымен құттықтады. Түркия көшбасшысы Мемлекет басшысына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты", - делінген Ақорданың сайтында.