10 тамыз 2020 | 20:10

Сарапшы қазақстандық мектептердегі білім беруді жақсартудың жолын айтты

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы Нұрмұxаммед Досыбаев толық оқу жүйесі қазақстандық білімді дамытудың бір жолы екенін айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы Нұрмұxаммед Досыбаев толық оқу жүйесі қазақстандық білімді дамытудың бір жолы екенін айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Реклама
Реклама

"Ұлттық білім беру жүйесін дамытуда шегі жоқ. Ол да "Мен бәрін білемін" деп айтумен тең. Адам туғаннан бастап өмірінің соңына дейін қанша оқыса да, дүние жүзіндегі бар білімді меңгеріп, сырын біле алмайды. Сол секілді білім алуда да, оны үнемі жақсарта беру керек", - дейді Нұрмұхаммед Досыбаев.  

"Қазақстандағы мектептердің несі дұрыс емес?" деген сұрақтың жауабын дамыған елдермен салыстыра отырып алуға болады. Назар аудару қажет бірнеше маңызды мәселе бар, ол үшін білім беру саласын қаржыландыру керек.  

Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке мектептерден бөлек, ата-аналар да, мемлекет те қаржыландыратын мектептер пайда болған.  

"Жеті мың мемлекеттік мектептің тек 1 пайызы арнайы форматтағы, мемлекет назар аударатын балаларды дайындауға арналған арнайы мектептер болды. Оған мемлекет назар басты аударатын "Білім-Инновация" лицейі, РФММ, Назарбаев интеллектуалдық мектебі жатады", - дейді спикер. 

Сарапшының сөзінше, ұлттық білім беру жүйесін дамыту үшін қалған 99 пайыз мектепке назар аударып, олардың сапасын жақсарту керек. 

Бүгінде, халықаралық рейтингтерге жүгінсек, Қазақстан OECD ұсыныстарының жартысына жақын орында да жоқ. Жалпы ішкі өнімнің 6 пайызын білім беруге бөлу керек. 

"Бүгінге дейін Қазақстанда бұл жалпы ішкі өнімнің 3-3,5 пайызын алған. Сәйкесінше, егер біз қаржыландыруды арттырсақ, бұл индикатор барлық қазақстандық мектепке әсер етеді", - дейді маман.

Сапалы білімнің компоненттері

Спикердің айтуынша, сапалы білімнің маңызды шарттарының бірі - инфрақұрылым, яғни, ғимарат, білім беру ортасы, сыныптар, жабдықтау, жиһаз, баланы дамытуға арналған фунциялық орталар. 

"Соңғы кездері оған сапалы интернет те жатады. Бұл инфрақұрылым сол мектепте білім алатын оқушыларға жетуі керек", - дейді ол. 

Ғимарат, жабдықтар, кітап, техника және басқасының амортизациялық мерзімі бар. 

"Егер инфрақұрылым жетіспесе, оған қаржы жетпесе, онда бір орынға екі не одан да көп баланы орналастыруға тура келеді. Сәйкесінше, ол балалар алуы қажет білім беру бағдарламасының сапасына әсер етеді. 25 бала отыруы тиіс сыныпта, 30 кейде 40 оқушы отырады, ол процеске, мұғалімнің жоспарына кедергі жасайды", - дейді сарапшы. 

Екінші маңызды мәселе - технологиядан хабары бар, мәдениетті, жаңа форматтағы педагогтерді дайындау. 

Толық оқу жүйесі

Қазақстанда толық оқу жүйесіне мемлекеттік мектептердің 1-2 пайызы ғана өткен, қазақстандық балалармен жасты шетелдік, дамыған елдердегі балалар толық оқу жүйесі бойынша оқытатын мектептерде білім алады.  

"Ол - мамандандырылған мектептер. Қалған оқушылар екі кезек бойынша оқиды. Оңтүстікте бала туу саны көп болғандықтан, кей мектептер үш кезекпен оқиды. Мемлекет пен жергілікті атқарушы органдар мектеп салып, орын жетіспеушілік мәселесін шешіп үлгермей жатыр", - дейді Нұрмұхаммед Досыбаев. 

Оның айтуынша, егер ұлттық білім беру жүйесін жақсартқымыз келсе, біздің балаларымызды толық күндіз оқуға ауыстыруға ұлттық басымдық беруіміз керек. Ол ата-аналардың біраз мәселесін шешіп қана қоймай, автокөлік қозғалысын шешуге де септігін тигізетін көрінеді. 

"Ол үшін қыруар қаржыны кеңсе тауарларын сатып алу деген секілді процестерге емес, нақты шығынға бөлу керек", - дейді ол. 

Толық оқу жүйесінде бала таңертеңнен кешке дейін мектепте болады, бірақ ол күні бойы тек академиялық бағдарлама жүргізіледі деген сөз емес:

"Ол бала үшін тиімді болар еді, бұл бағдарлама сол үшін де ойлап табылған. Сыныпта отырып, таңнан кешке дейін математиканы оқу міндетті емес. Бағдарлама бала дамуының траекториясына мән береді, оған ойын компоненттері де кіреді. 

Бала таңертеңнен кешке дейін мектепте жүруі - мұғалім мен мектеп командасы баланы оның жас категериясына қарай дамуына ықпал етеді деген сөз. Түске дейін - академиялық бағдарламалар болса, түстен кейін - шығармашылық даму, спорттық даму, әлеуметтену", - дейді маман. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, SpotifyЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная