16 тамыз 2017 12:29

Талдықорғанда тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 168 пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған және "Тұрғын үй жинақ банкі" АҚ-ның салымшыларына жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлерден 168 пәтер берілді. Мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған несиелік тұрғын үйлердің кілтін облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ пен "Қазақстанның Тұрғын үй жинақбанкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова табыстады", - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған және "Тұрғын үй жинақ банкі" АҚ-ның салымшыларына жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлерден 168 пәтер берілді. Мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған несиелік тұрғын үйлердің кілтін облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ пен "Қазақстанның Тұрғын үй жинақбанкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова табыстады", - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жаңа пәтердің кілтін иеленген қуаныш иелерін арнайы құттықтаған облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы күн сайын тотыдайын таранып, құлпырып келе жатқан Талдықорған қаласының даму жоспарына, соның ішінде 7-шағын ауданда салынатын құрылыс нысандарына қысқаша тоқталды.

"Елбасының халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаңа пәтерге қол жеткізіп отырғандарыңыз соның дәлелі. Алдағы уақытта да халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі атқарылатын болады. Облыс орталығынан алған жаңа баспаналарыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттық пен қуанышқа, ырысқа толсын", - деді Амандық Баталов өзінің құттықтау сөзінде.

"Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова да көпшілікке ізгі тілегін жеткізіп, қуаныштарына ортақтасты. Жаңа қоныс иелері де оңды мемлекеттік саясаттың нәтижесінде баспаналы болу бақытына ие болып отырғандарын айтып, Президенттің атына ризашылықтарын жеткізді.

Шаңырақ көтергендеріне үш жыл толған Айдын Нұрланұлы мен Әмина Асхатқызы дәл осы күні екі бөлмелі пәтер кілтін облыс әкімінің қолынан алды. Олардың қуанышында шек жоқ.

"Біз шаңырақ көтерген күнімізден бастап "Тұрғын үй жинақ банкі" АҚ-дан есепшот ашып, шамамыз келгенше қаражат салып отырдық. Сол аралықта пәтер жалдап қиналып қалған кездеріміз де болды. Алайда біз мемлекет тарапынан көмек болатынына сендік. Енді біз ешқандай да пәтер жалдамай-ақ өз еңбегіміздің арқасында ие болған екі бөлмелі пәтерге қоныс аударамыз. Халыққа осындай жағдай жасап отырған Елбасына, облыс басшылығына отбасымыздың атынан үлкен алғыс айтамыз. Ал жас отбасыларға аталған банктің салымшысы болып тіркеліп, қара шаңырақтың қамын бүгіннен ойлаңыздар дегім келеді", - дейді Айдын Нұрланұлы.

Кілт тапсыру салтанатының алдында  облыс әкімі Амандық Баталов пен "Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жеке тұрғын үй құрылысын дамыту туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде қос тарап келісімі бойынша жыл соңына дейін Талдықорғанда банктің қатысуымен коттеджді қалашықта 48 жер үй салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

43 мыңнан астам салымшысы барАлматы облысы республика көлемінде салымшыларының саны жағынан алдыңғы қатарда. Бұл Алматы облысының орталық қаласында ғана емес, Қаскелең, Талғар сияқты шағын қалаларында да инфрақұрылымның жақсы дамығанының нәтижесі.

"Тұрғынүйжинақбанкі" АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыста 74,1 мың шаршы метр тұрғын үй салған. Соның ішінде "Тұрғындардың барлық санатына арналған тұрғын үй" бағыты бойынша 41,1 мың шаршы метрлік 12 үй немесе 609 пәтер салынса, "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағыты бойынша 33 мың шаршы метрлік 7 үй немесе 593 пәтерді пайдалануға берілген. Жалпы 2017 жылы 6 үй салу жоспарланса, соның 4-еуі Талдықорғанда бой көтермек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети