Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Талғат Ермегияевтен тәркіленген көліктер сатылғалы жатыр

26 Қыркүйек 2016, 19:38
1

Мамандар Талғат Ермегияевтен тәркіленген автомобильдерді бағалап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Gosreestr.kz сайтында сот шешімі бойынша мемлекет пайдасына өндірілген көліктердің суреттері жарияланды. Осыған дейін бұл көліктер "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің атында болған. 

Сайтта үш автомобильдің суреті жарияланған: қара және ақ түсті Lexus LX 570, Mercedes-Benz S 500. Көліктер мен суреттер мемлекет меншігіне өткен мүліктерді есепке алу және сату бойынша мәліметтер базасында пайда болды.  

Астананың Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің өкілдерінің айтуынша, көліктерді саудаға қоймас бұрын, олар мемлекеттік органдарға ұсынылады.

"Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткiзу тәртiбiн
сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асыру ережесінің 4-пунктіне сәйкес, реестрге қосылатын мүлік сатылуынан бұрын мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтер субъектілеріне оларға баланс беру үшін веб-портал арқылы ұсынуға жатады, бірақ жойылатын мүлік жатпайды", - деп хабарлады Департаменттегілер. 

Қазіргі уақытта мамандар тәркіленген көліктерді бағалап жатыр. "Департамент бағалау бойынша есепті алғаннан кейін веб-порталда (www.gosreestr.kz) оларды мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтер субъектілеріне ұсыну туралы хабар жарияланады. Ал егер көліктерді мемлекеттік заңды тұлғалар қажет ептесе, олар ереже бойынша электронды саудаға қойылады", - деп атап өтті Астананың мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру департаментінің өкілдері.  

Автомобильдер "Астананың Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру" мемлекеттік мекемесінің атынан сатылып жатыр.

Еске салайық, істің басты фигуранты Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Ермегияевтен жалпы Алматыдағы пәтері, Астана мен Алматыдағы жер учаскелері, бірнеше банктегі қаражат, бірнеше ЖШС-дағы үлесі және көліктері тәркіленген еді. Ал таяуда оның жазасын Астанадағы қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатқаны хабарланды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай