ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2020 | 20:33
"Тиіспе, мен өзім істеймін". i-balaqai жобасында Назгина Мирза ата-ананың шамадан тыс қамқор болуы туралы
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында клиникалық психолог, нейропсихолог Назгина Мирза ата-ананың шамадан тыс қамқор болуының негатив салдары туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында клиникалық психолог, нейропсихолог Назгина Мирза ата-ананың шамадан тыс қамқор болуының негатив салдары туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.
"Ұшақ секілді ата-ана"
Назгина Мирза "ұшақ секілді ата-ана" түсінігі 90-жылдары пайда болғанын айтады. Отбасылық бағыттағы америкалық психологтар кітап жазып, шамадан тыс қамқорлық көрсететін ұшақ секілді ата-ана деген аналогияға келген. БАҚ өкілдері де бұл терминді ұнатып, қолданысқа енгізді.
"Ата-ана баласын үнемі бақылауға алып, оның қателесуіне жол бермей, ұшақ секілді ұшып, тек балаға назары ауады. Меніңше ол маниакалдық қамқорлық", - дейді маман.
Ондай балалар қателеса алмайды, ата-анасына тәуелді болады.
"Өкінішке қарай, қателеспейтін адам ақылды, тәжірибелі, өз саласының нағыз маманы бола алмайды. Оның барлығы бала күннен, анасы баласына алаңдайтын сәттен басталады", - дейді спикер.
Маман педагог Януш Корчактың "Баланы қалай жақсы көру керек?" атты кітабынан үзінді келтірді. Оның айтуынша, бала өмірге келгенде жеке дара адам болады.
"Иә, бір жасқа дейін олар шын мәнінде бір-бірін түсініп, сезініп, көмектеседі", - дейді маман.
Бір жастан кейін кішігірім сепарация жүреді, яғни, бала жүре алады, анасынан бөлек жүріп, алысқа кетеді. Осы кезде анасында баласы құлап қалмасын, бір нәрсе болып қалмасын деген қорқыныштар пайда болады. Бірақ үш жаста сепарация жүруі керек.
"Үш жасқа дейін бала мен ана - "МЕН" деген ұғыммен өмір сүреді. Бала бұл жаста "біз қабылдауға бардық, біз тамақ іштік" деген сөздерді ести алады. Бұл қалыпты жағдай. Анасы жеті жасар баласына ортақ нәрселер айтып, "біз мектепке бардық, біз бірге бір нәрсе жасадық" дей берсе, бұл жағдайда сәл ойлану керек. Ал балада сепарация жүріп жатыр ма? Сіз оның дамуына кедергі жасап жатқан жоқсыз ба? Бала шын мәнінде дербес пе әлде сіз ол қателікке бой алдырмауы үшін ұшақ секілді ұшып жүрсіз бе?", - дейді маман.
Бұл - шамадан тыс қамқор болудың алғашқы белгілері. Соның салдарынан баласы қателескенін қаламайтын ата-ана, ол тәрбиелеуде маңызды роль атқарады.
"Тиіспе, мен өзім" - анасының қателеспей, бәрін мінсіз істегені дұрыс. Бірақ бұл жағдайда бала бір нәрсе үйренді ме? Қателесті ме? Бала арасында қателесуі керек деген сөзде үлкен мән жатыр. Яғни, бала қателескен кезде біз оған сыни тұрғыдан қарай аламыз", - дейді спикер.
Баланың атасы мен әжесінде де ұшақ секілді ата-ананың белгілері болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ата-ана шекараны айқындап, баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керегін түсіндіру керек.
"Анасы мен әкесі отырып: "Оның барлығын істеп жүрген әжең" дейді. Бірақ олар баласы есейіп, енді өзі де ата-ана екенін түсінуі керек. Жауапкершілік анасы мен әкесінің қолында болу керек. Әжесі ренжи бастаған кезде ойды дұрыс жеткізіп, маманның көмегіне жүгініп, баланың дамымай жатқанын түсіндіру керек", - дейді спикер.
Шамадан тыс қамқор болудың салдары
Мамандар ебедейсіз балаларды жиі кездестіреді. Оған себеп - ересектер тарапынан болатын шамадын тыс қамқорлық. Мысалы еңбектеп жүрген бала енді жүруді үйренген кезде, ересектер оның басына бас киім кигізіп қояды. Сөйтіп ол бала өзінің денесін түсініп, сезіне алмайтын болады.
"Біз балаға бас киім кигізгенде ол құлаған ауыр екенін түсінбейді, сосын өзінің денесін сезбейтін болады", - дейді маман.
Сосын балаға "Турникке шықпа", "Құлап түсесің де басыңды ауыртып аласың" деген секілді сөздер ести бастайды. Шамадан тыс қорқа беру баланың дамуына кері әсер етеді.
"Бала төбешіктен аунап түскенде оның тепе-теңдікті сақтайтын аппараты дамиды. Бізде іс-әрекеттің алмасуына жауап беретін премоторлық қап бар. Біз балаға шамадан тыс қамқорлық көрсеткенде баланың физикалық тұрғыдан дамуы тоқтайды", - дейді Назгина Мирза.
Спикердің сөзінше, егер бала өз бетімен өмір сүрмесе, ол депрессив, ашуланшақ болады.
"Көптеген жасөспірім "Өскенде кім боласың?" деген сұраққа жауап бере алмайды. Ол мамандығын таңдай алмайды. Оқу орнын аяқтағандардың қанша пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр? Университет бітіріп, бірнеше дипломы бар, бірақ белгілі бір салада өзін таба алмай жүргендер қаншама?", - дейді маман.
Тұлға болып қалыптасудың әр кезеңінде белгі болады. Егер бала жасөспірім кезінде қателік жасамаса, оның өмірлік тәжірибесі болмайды, сөйтіп ол үлкен өмірде қателікке бой алдыра бастайды.
"Бұл жерде жас мәселесі маңызды емес. Бұл жағдайда жасөспірім кездегідей қателеспеу керек. Адамдар басқа жолмен жүріп кеткендіктен өзін таба алмай қалады", - дейді спикер.
Психологтың кеңесі мен ұсыныстары
Егер анасы баласы құлап қалады деп немесе ойын алаңында оған бірнәрсе болып қалады деп алаңдай беретін болса, оны отбасындағы басқа адамға тапсырған дұрыс. Мысалы, әкесіне не атасына.
Баланы тұрмыстық жұмыстарға тек жауапкершілігі артуы үшін емес, сондай-ақ бас миының дамуы үшін де араластырған дұрыс. 2,5 жасқа дейін оның қандай да бір міндеті болу керек. Ойыншық жинатудан бастап, біртіндеп атқаратын жұмыс санын арттыруға болады.
"Бала қарапайы тәрелке жуғанның өзінде бас миының дамуына қандай да бір пайда тигізеді. Бір нәрсені ұстап, оны ауыстыру - моторлы қап секілді, оны соңына дейін бақылап, қайтадан жуу керек болса жудырып, "Ал мен ыдысты таза жудым ба?" деген ойды түю", - дейді психолог.
Оның үстіне, баланың нақты кестесі болу керек, оған ойын уақыты да кіру қажет.
"Ойын - бұл баланың дамуының жетекші қызметі. Оның психикалық процесі дамиды", - дейді психолог.
Мысалы бала өзін ренжіткен адамға жауап берерден бұрын оны ойын арқылы жеңуге тырысады.
"Шекараны белгілеп, бала - сен жақсы көретін адам екенін түсіну керек. Бірақ егер жақсы көрсең, баланың өз еркімен өмір сүруіне мүмкіндік беру керек", - дейді Назгина Мирза.
Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, Spotify, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также