03 мамыр 2020 10:57

Түркістан облысында тағы бір ауылды су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖК Фото: ТЖК

Мақтаарал ауданында Өргебас ауылын су басты, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.


Мақтаарал ауданында Өргебас ауылын су басты, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

"3 мамыр таңғы сағат 05.00-те 250 үй суға батқан Фердоуси ауылынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елді мекеніне қарай су келе бастады. Екі елді мекеннің ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.

Эвакуация барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осыған дейін облыста тағы 3200 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлағанбыз.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети