25 қаңтар 2019 | 13:34

Саясаттанушы: Букмекерлік кеңсенің маңында ломбардтардың болуы қауіпті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorcom36.ru © gorcom36.ru

Саясаттанушы, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев Қазақстандағы букмекерлік кеңселердің жұмысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Саясаттанушы, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев Қазақстандағы букмекерлік кеңселердің жұмысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жастардың өмірінің жан-жақты қырына зерттеу жүргіземіз. Бір рет ажырасайын деп жатқандармен жүздесуге мүмкіндік алдық, фокус группа сериясын өткіздік. Ажырасқан он отбасының жетеуінде әйелі күйеуінің ойынқұмарлығын айыптайды. Әйел адамның да ойнаған деректері болды. Яғни жасөспірім ұлдар мен қыздар да ойнайды. Бұл жастардың өз табыс көзі жоқ. Жұмысы болған күннің өзінде жиі ұтылады, соның салдарынан қарызға белшесінен батады. Барлығы несиеге батып, бағалы заттарын ломбардқа өткізеді", - деді Қалиев Қазақстанда ойынқұмарлық мәселесі бойынша өткен "Нұр Отан" дөңгелек үстелінде.

Оның айтуынша, әрбір букмекерлік кеңседе ломбард бар.

"Заң жүзінде қалай реттеу керектігін білмеймін, бірақ букмекерлік кеңсенің маңында ломбардтардың болуы өте қауіпті. Себебі азартқа берілген адам көлігін тігіп жіберуі мүмкін. Арақашықтық алыс болса? Оған барғанша адам ойланып, өз ойынан айнуы мүмкін", - деді саясаттанушы. 

Оның айтуынша, Қазақстандағы кейбір танымал букмекерлік кеңселер жылына шамамен 250 миллиард теңге табыс табады екен. 

"Бұл нақтыланбаған мәлімет, бұл үшін жауап бере алмаймын, бірақ, меніңше, қажет болса, тексеруге болады. Құмар ойындарға әуестенгендер саны жылына 350 мыңнан асады, күніне шамамен 900 адам. Қандай ауқым, ойлап көріңіздерші", - деді Қалиев. 

Саясаттанушы букмекерлік кеңселердің адам көп шоғырланған аймақтарда, оқу орындарының алдында болатынын байқаған. 

"21 жасқа дейінгі жастарды құмар ойындары мекемесіне кіргізгені үшін заң бойынша 300 АЕК салынады. Бірақ 300 АЕК деген 250 миллиард теңгемен салыстырғанда не болады? 600-700 мың теңге. Неге осы үшін лицензиясынан айырмасқа. Бұл үшін қатаң жауапкершілік болуы тиіс", - деді ол. 

Сонымен қатар, саясаттанушы ұтыс тігу үшін бір адамға шектеулі сома бекіту механизмін ұсынды. 

"Біреу айына бір-екі рет келіп, 10-20 мың тігетін болса, ал біреу күн сайын одан да көп ұтылып жатады. Тұрғын үй массивтерінде, ЖОО маңында мұндай мекемелердің шектелуін талап етуіміз қажет. Бәлкім, оңалту орталықтарын ашу керек шығар. Менің білуімше, оңалту шарасы қымбат тұрады. Адам бір букмекерлік кеңседе көп ұтылатын болса, оңалту шарасын сол кеңсе өтейтіндей ету керек", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети