ҰБ Халық банкі мен Qazkom арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Nikon D500 аппаратына түсірілген © Тұрар Қазанғапов © Nikon D500 аппаратына түсірілген

ҰБ Халық банкі мен Qazkom арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҰБ Халық банкі мен Qazkom арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ пен "Қазком" АҚ арасында келіссөздердің басталғаны туралы Ұлттық банкке банктердің менеджменті және акционерлері хабарлады. Қаржы нарықтарының жаһандануы және ықпалдасу процестерінің күшеюі жағдайында банк секторының шоғырлану үрдісі көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға де тән. Бұл туралы ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.

"Мәміле нақты іске асырылғанға дейін банктер Ұлттық банктен ірі акционерлерді ауыстыруға келісім алуға тиіс, ол келісім банктердің барлық депозиторлары мен кредиторларының мүддесін қорғау қамтамасыз етілген, сондай-ақ банктердің бизнесін орнықты дамыту үшін жаңа акционерлерде қаржылай мүмкіндік болған жағдайда ғана болуы мүмкін", - деп хабарлады Смоляков.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Ұлттық банк шоғырлану процесіне қатысатын әрбір банк миноритарийлерінің құқықтарын сақтау бойынша, сондай-ақ өзге ілеспе міндеттемелердің толық көлемде орындалуы бойынша қаржы институттары міндеттемелерінің орындалуы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға дайын екендігін мәлімдейді.

"Сонымен бірге, Қазақстан заңнамасына сәйкес "Қазақстан Халық банкі" АҚ пен "Қазком" АҚ талқылап отырған мәміленің уақытша шектеулері жоқ екеніне көңіл аудару қажет", - деп атап өтті Смоляков. Ол "Ұлттық Банк банк секторының қаржылық орнықтылығын және банктердің банк заңнамасының талаптарын бұлжытпай сақтауын қамтамасыз ету саясатын жалғастырады", - деп толықтырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro