01 сәуір 2015 | 14:51

Аль Бано мен Ricchi E Poveri Алматы мен Астанада қазақ тілінде ән шырқайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аль Бано. © avvenire.it Аль Бано. © avvenire.it

Қазақстанға "Сан-Ремо" италия әндері фестивалінің жұлдыздары келеді. Аттары аңызға айналған Аль Бано мен Ricchi E Poveri тобы Алматы мен Астанада қазақ тілінде ән шырқайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне концертті ұйымдастырушылардың бірі айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға "Сан-Ремо" италия әндері фестивалінің жұлдыздары келеді. Аттары аңызға айналған Аль Бано мен Ricchi E Poveri тобы Алматы мен Астанада қазақ тілінде ән шырқайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне концертті ұйымдастырушылардың бірі айтып берді. 

"Сан-Ремо қаласында өткізілген италия әндерінің фестивалі ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында миллиондаған кеңестік көрерменнің жүрегін жаулап алып, аса танымал әрі сүйікті болды. Фестивальдің қатысушылары мен жеңімпаздары тек өз отандары Италия мен Еуропада ғана емес бүкіл әлемге бірден таныла бастады. Қазақстандықтардың бұрыннан бері сүйікті болған әндерін тыңдап қана қоймай, кумирларын өз көздерімен көруіне мүмкіндіктері бар. Сахнада сексенінші жылдары жастардың бас көтермей билеген шлягерлері шырқалады", - деді ол. 

Концертті италиялық жас әнші Сон Паскаль жүргізеді. Аль Бано мен Ricchi E Poveri көпшілікке танымал әндерінен бөлек жаңа репертуардағы әндерін де шырқайды. "Олардың бірнеше әнді біздің қазақ тілімізде шырқайтыны қонақтар үшін тосый сый болады", - деді әңгімелесуші.

"Мен ата-аналар мен олардың балалары, сондай-ақ Ата мен Әже үшін ең жақсы шоуда Аль Бано және Ricchi E Poveri тобымен бірге өнер көрсетемін", - жазды Сон Паскаль алда болатын концерт жайлы Instagram желісінде. Үш сағаттық концерт 3 сәуірде Алматыдағы Республика сарайында және 5 сәуірде Астанадағы "Қазақстан" Орталық концерт залында өтеді. Басталуы 19.00-де.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети