14 маусым 2019 | 20:03

Гүлназ Жоланова жасы, тұрмысқа шығу және қыз тәрбиесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Белгілі актриса, "Қазақ аруы-2014" байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі актриса, "Қазақ аруы-2014" байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актриса сұхбатында футболдан Қазақстан құрамасының бренд-амбассадоры болғаны, өзінің боянбайтыны, жасы, тұрмыс құруы туралы баяндады. Ол анасының тұрмысқа шығуға асықтырмайтынын айтты. Жоланова анасын өзінің құрбысы деп санайтынын әңгімеледі. Сондай-ақ актриса көптеген ананың жіберетін қателері туралы айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Диалог құрмау. Әсіресе, өтпелі кезеңдерде диалог құрмау. Көп нәрсеге көз жұма қарау. Егер қыздарымен диалог құрып, сөйлессе, қыз баланың психологиясына көп көмек тигізуге болатын сияқты", - деді актриса.

Сонымен қатар, Гүлназ Жоланова фильмдердегі ойыны, образдары, қазіргі тенденциялар туралы айтты.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына актер Жахан Отарғалиев, актриса Дариға Бадықова, жас әнші Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная