03 мамыр 2019 19:51

Дариға Бадықова образдары, карьерасы және балалық шағы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актриса Дариға Бадықова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Актриса Дариға Бадықова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актриса сұхбатында жеке өмірі, образдарға қалай кіретіні жайлы әңгімелеп берді. Айтуынша, актриса образдарда әдетте базарлар мен қоғамдық көліктердегі адамдарға қарап отырып табады. Сонымен қатар, Бадықова өзінің мінез-құлқы жайлы, карьерасына, отбасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Бұдан бөлек, актриса неге сұхбат беруден қашатынын айтты. "Соның не керегі бар деп ойлаймын. Мен тіпті түсірілім кезіндегі үзілістерде режиссерлермен барып сөйлеспейді екенмін. Өзімді өмірде ашқым келмейді. Кейін "достойный" болғанда сұхбат беремін", - деп күледі актриса.

Сондай-ақ, Дариға Бадықова қазақстандық киноларға және гонорарға қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети