11 мамыр 2019 10:24

Жахан Отарғалиев Жездуха образы, бұрынғы қателігі және анасының үміті жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнерпаз сұхбатында неге халық көзіне ұзақ уақыт түсе алмағаны, Тұрсынбек Қабатовтың үйінде тұрған кездері және Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский секілді біздің елде кімнің саясатқа бет бұра алатыны жайлы әңгімелейді. Оның айтуынша, елімізде проблема көп, сондықтан комедия көбейіп келеді. 

Бұдан бөлек, актер өткен өміріндегі қателіктер жайлы және сол жолды қайталағысы келмейтінін айтады. Жахан Ләйлә Сұлтанқызының "Неге Жаханды қыздар түсінбейді?" деген қызықты сұраққа жауап береді. 

Сондай-ақ ол өзін танытқан Жездуха образы жайлы, оның қалай шыққанын, кімді меңзегенін, мұнымен бірге, жар таңдау мәселесіне, қазіргі қыздардың әдебі мен тәртібіне тоқталады. 

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына актриса Дариға Бадықова, жас әнші Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети