07 маусым 2019 | 20:50

Нұрлан Батыров вайндар, кино және жоспарлары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Үздік вайн" номинациясы бойынша Үркер сыйлығының иегері, продюсер, "Безумная женщина" лақап атымен танымал Нұрлан Батыров Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Үздік вайн" номинациясы бойынша Үркер сыйлығының иегері, продюсер, "Безумная женщина" лақап атымен танымал Нұрлан Батыров Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі вайнер сұхбатында отбасы және ондағы тәрбие, шығармашылығы және вайндарды қалай түсіре бастағаны жайлы әңгімеледі. Айтуынша, ол кезінде дизайнерлікпен айналысқан.

"Өмірде көп нәрсе өзгереді. Бірақ дизайнерлікті тастап кеткенім жоқ. Киноға сценарий жазып жүрген болатынмын. 4 жыл костюм жөніндегі суретші болып жұмыс істедім. Кино саласынан вайнер болып кеттім. Бастапқыда оқырмандарым жоқ еді. 2013 жылы тіркеліп, достарым үшін жай түсіріп жүрдім. Осылай басталып кетті", - дейді Батыров.

Cондай-ақ, продюсер "Безумная женщина күнделігі" фильмі жайлы және одан түскен табысын айтты. Бұдан бөлек, вайнер болашаққа жоспарларын бөлісіп, қоғамның оған деген пікіріне қатысты ойын білдірді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына боксшы Данияр Елеусінов, актер Жахан Отарғалиев, актриса Дариға Бадықова, жас әнші Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин және тағы басқалар қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети