Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Франция прокуратурасы Парижде тағы бір теракт болғанын мәлімдеді

08 Қаңтар 2015, 22:04
0
Арнайы операция кезі. ©dw.de
Арнайы операция кезі. ©dw.de

Франция прокуратурасы Париждің іргесінде бейсенбі күні болған атыстың террорлық әрекет екенін айтты, - деп хабарлайды Agence France-Presse. Бұл оқиғаның салдарынан бір полицей әйел қайтыс болған еді. 

Бейсенбі күні таңертең Париждің оңтүстігінде бір ер адам полиция қызметкерлеріне оқ атқан. Полицей әйел мен жол қызметі маманына оқ тиді. Әйел кейін алған жарақаты салдарынан жан тапсырды. 

Кейбір ақпарат құралдары мешіт маңындағы мейрамханада жарылыс болғанын да хабарлады. 

Француз прокуратурасы қазіргі қауіп жағдайында бұл оқиғаға теракт деп баға берді, бірақ оны Charlie Hebdo сатира журналының штаб-пәтерінде болған лаңкестік әрекетпен байланыстырмайды.

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні Парижде жантүршігерлік лаңкестік әрекет болған еді. Charlie Hebdo басылымының редакциясы отырған ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, адамдарды ата бастады. 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Лаңкестер сатира басылымын шығарушы белгілі карикатурашылардың бәрін дерлік өлтірді. Полиция қылмысқа күдіктілердің фотосуреттерін жария етті. Олар - 32 және 34 жастағы ағайындылар - Саид және Шериф Куашилер. Полиция олардың бірінің жеке куәлігін тапты. Қылмысқа қатысы бар үшінші адам - 18 жастағы Хамид Мурад оқиға кезінде лаңкестерді машинада күтіп отырған. Ол полицияға өз еркімен беріліп, алибиі бар екенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Қазақстан Франция астанасында Charlie Hebdo редакциясына жасалған қарулы шабуылды айыптады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Франция президенті Франсуа Олланд пен бүкіл француз еліне көңіл айту жеделхатын жолдады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай