19 қыркүйек 2016 09:58

Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі бомбаларды бір адам дайындаған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

18 қыркүйекте Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі іске қосылған жарылғыш заттарды бір адам дайындаған. Бұл туралы Fox News телеарнасы полициядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.


18 қыркүйекте Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі іске қосылған жарылғыш заттарды бір адам дайындаған. Бұл туралы Fox News телеарнасы полициядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна нақты деректерді жарияламаған.

Сонымен қатар Нью-Йорк полициясы Tumblr әлеуметтік желісінде белгісіз біреудің Манхэттендегі жарылысты өз мойынына алғаны туралы мәліметті тексеріп жатыр. Жазбаның авторы болған оқиғаны "бұл жай тексеріс болған", деп жазып, бұл шабуылды "қазіргі қоғамды жеккөретінін, гомосексуалдарды адам құрлы көрмейді" деп айыптаған. 

Еске салайық, қайырымдылық марафонының қарсаңында 18 қыркүйек күні Нью-Джерсиде жарылғыш зат іске қосылған, абырой болғанда зардап шеккендер болмаған. Полиция оқиға орнында қуаты аз бірнеше жарылғыш заттарды тапқан. Бірнеше сағат өткен соң, Нью-Йорктің Манхеттенінде жойқын жарылыс болып, 29 адам зардап шеккен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети