13 шілде 2023 | 16:07

Тоқаев назар аударған "Мыңжылдық" аллеясының қазіргі жағдайы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Данияр Есетов/Tengrinews.kz Фото Данияр Есетов/Tengrinews.kz

Tengrinews.kz журналистері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударған елордадағы "Мыңжылдық" аллеясын аралап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz журналистері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударған елордадағы "Мыңжылдық" аллеясын аралап көрді.

Тілшілер серуені Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрынан басталған. Бұл өнер театрын құрылыс алаңдары қоршап тұр. Соның салдарынан қоқыстар жан-жағында шашылып жатыр.

Театр артында жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге тартылған кабель жатқаны көрінеді.

Кабель жақсы оқшауланған деп үміт артуға тура келеді. Өйткені бұл аймақ қоршалмаған және ересектер мен балалар көп жүреді.

Аумақтың бір бұрышында бірнеше қураған бұтақтар жатқанын байқауға болады.

Көрші аумақта құрылысшылар үшін салынған ағаш дәретхана бар, одан жағымсыз иіс шығып тұр.

Кей жерлерде құрылыс алаңын қоршаған қоршаулар қисайып, сирек кездесетін шыршалар күтімнің жоқтығынан қурап қалған. Ағаштар орнына кепкен бұтақтар жатыр.

Құрылыс алаңы маңында қоқыстардың көп болуы көзге жағымсыз көрінгені ештеме емес, өйткені жаңа тұрғын үйдің аумағындағы қоршауды ескі автобус аялдамасымен тіреп қойғаны таңғалдырмай қоймасы анық. 

Тұрақты құрылыс және жөндеу жұмыстары театрдан алыс жерде де жалғасып жатыр. Мәселен, бұл аумақта жолдарға тас төсеу үшін кейбір жерлер қазылған. Бұл өте қауіпті. Себебі көшеде жарық жоқ.

"Учкудук - три колодца". Ал Мыңжылдықта төртеу бар.

Мұнда жаяу жүргінішлер жолы жақында салынған. Бірақ кейбір жерлері үгітіліп, сынып жатыр. Әйел арбаны күш салып, артқы дөңгелегін көтеріп өткізіп жатқанын аңғаруға болады.

Ал мына жаяу жүргіншілер жолында арбамен мүлдем жүре алмайсың.

Мыңжылдық аллеясындағы жаңа ғимараттардың маңында осындай үйлер де кездеседі, тұрғындар бұрыннан тұрып жатқан үйлер.

Бұл аумақта құрылыс әлі басталмаған. Бірақ жиналған қоқыстар, қоқыс полигонындағыдай.

Қызық, тот басқан қоршаулар мұнда қанша жыл тұрды екен? Ақмола немесе Целиноград кезінен тұрған тәрізді.

Құлаған плиталар, пластикалық терезелердегі кеуіп қалған пленка - Мыңжылдықтың тағы бір көрінісі осындай.

Жаяу жүргіншілер жолының қақ ортасында темір қоршау орнатылған. Егер бұл техникалық жол жиегі болса, онда негізгі жаяу жүргіншілер жолы қайда?

Бұл жерде адамдар оңға өту үшін жолға шығуына тура келеді. Бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы не қазылып тасталған, не топырақ астынада қалған. Арба сүйреген әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар басқа жолдармен жүргені абзал. 

Мұнда әлі жаяу жүргіншілер жолы салынбаған. Сәл шыдау керек. 

Көшедегі жарық бағаналары Пизан мұнарасына ұқсайды.

Шамасы, мұнда да бір кездері шам бағанасы болған, ал қазір ашық сымдар шығып тұр. Оларда ток бар ма, белгісіз.

Кесілген және сынған плиткалар төселген жаяу жүргіншілер жолы соңында тот басқан контейнер тұр. Іші қоқысқа толы. Одан кейін тағы бір құрылыс басталып жатыр.

Жоспар бойынша Мыңжылдық  аллеясы үлкен және жасыл саябаққа айналуы керек болған. Аллеяның жалпы ұзындығы Бейбітшілік және келісім сарайынан Нұрлы жол вокзалына дейін 6 шақырым болады.

"Біз аллеяның орталық бульварын жобалау бойынша конкурс жарияладық, жақында қала құрылысы кеңесінде оны қоршап тұрған тұрғын үйлердің жобаларын қарадық. Қала тұрғындары Мыңжылдық ауданының жаңа келбетін жақсы бағалайтынына сенімдімін", - деп жазған еді 2019 жылы елорданың экс-әкімі Бақыт Сұлтанов.

11 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сондай-ақ, Президент Мыңжылдық аллеясын жүйелі дамытумен шұғыл айналысуды тапсырды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басышысы қаланың көрнісі нашар екенін, әкімдерге жаяу жүру керектігін айтқан болатын.

Мәтінін жазған: Эльдар Нуруллин

Сурет: Данияр Есетов

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети