Данияр Елеусінов карьерасы, Головкинмен болған жағдай және отбасы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов карьерасы, Головкинмен болған жағдай және отбасы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Белгілі кәсіпқой боксшы, Олимпиада және Азияның чемпионы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі кәсіпқой боксшы, Олимпиада және Азияның чемпионы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таяуда Қазақстанға оралған боксшы сұхбатында өміріндегі өзгерістер жайлы, АҚШ-тағы өмірі, гонорары және карьерасы жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, таяуда Головкин екеуінің арасында болған мәселе жайлы айтып берді. Айтуынша, ол Головкинді қаралап немесе деңгейін төмендеткісі келмеген.

"Бұл жерде менсінбеу жоқ. Менің сұхбаттарымның бірі оның көңіліне тиген шығар. Онда "Мен GGG бола алмаймын, онымен салыстырмаңыздар" дедім. Расында да мен ол сияқты бола алмаймын, менің стилім бөлек, техникам бөлек. Оның деңгейін түсіру мақсатында айтқаным жоқ. Әр адамның өз жолы бар, өзінің стилі, карьерасы бар болғаннан кейін ешкіммен салыстырғанды ұнатпаймын", - дейді Елеусінов.

Бұдан бөлек, ол сұхбатында қазақ боксшыларына қатысты ойын айтты. Сондай-ақ, Данияр отбасы, балалары жайлы сұрақтарға жауап берді. Айта кетейік, таяуда боксшының екінші баласы дүниеге келген еді.

"The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен: Данияр Елеусінов ажырасып кеткенін мәлімдеді

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына актер Жахан Отарғалиев, актриса Дариға Бадықова, жас әнші Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети