"Қитұрқы ойын жүргізді" - Головкин Альварестің командасы туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: REUTERS© / Joe Camporeale-USA TODAY Sports Сурет: REUTERS© / Joe Camporeale-USA TODAY Sports

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек өткізуге келісу өте қиын болғанын айтады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек өткізуге келісу өте қиын болғанын айтады.

Оның сөзінше, Golden Boy Promotions компаниясының өкілдерімен келіссөз жүргізу олардың сөз ойынына тым беріліп кететіндігінен ауыр болған. Дегенмен Головкин қарымта өтпей қалады деп алаңдамағанын айтады.

"Ол туралы ойламадым да, біз көп жеңілдік жасадық және олар біздің ұстанымымызды білді. Golden Boy жанкүйерлер мен репортерлер алдында өтірік маңғазданды. Шынын айтқанда, мен "Канеломен" қарымтаны өткізуге қадалмадым. "Канелоның" командасы біздің ұсынысты қабылдамағанда, олардың атына кір келетін еді, ал мен ол туралы ойламадым да", - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com.

Айта кетейік, келіссөздердің қалай жүргізілгеніне "Канелоның" да көңілі толмаған болатын. Мексикалық боксшы қазақстандық Головкин 5 мамырда өту керек болған жекпе-жек үшін 35 пайыз алуға келісіп тұрғанымен, кейін промоутерлерден көбірек ақша сыпыруға тырысты деген ойда,

"Golden Boy жігіттері айтқан сөзге назар аудара бермеңіздер. Олар өз ойындарын жүргізді. Қарымта жекпе-жек өткізу маған ғана тиімді емес, оларға да олжа. "Канелоның" командасы келісімшартқа қол қойғанда, бірінші кезекте өздерін ойлайды", - деп аяқтады Головкин сөзін.

Келіссөздер соңында Головкин мен Альварестің командалары қарымта жекпе-жекті 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткізуге келісті. Келісімшарт бойынша, Головкин кірістің 45 пайызын алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro