11 қазан 2018 | 09:08

Алматыда жүйке жүйесі ауруына шалдыққандар артып келеді

© vk.com

Алматыда бір жылда жүйке жүйесі науқастарының саны 14 пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда бір жылда жүйке жүйесі науқастарының саны 14 пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Психикалық денсаулық орталығы" МКК бөлім меңгерушісі Фардана Халықованың айтуынша, Алматыда қазір 10 мыңнан аса адам психикалық клиникалардың есебінде тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқан. Жылына орта есеппен 300 адам жүйке жүйесі аурулары клиникасына келіп емделеді.

Реклама
Реклама

Айтуынша, мұндай науқасқа шалдыққан адам ешқашан өздігінен ауруын мойындамайды. Ол созылмалы түрге айналған кезде ғана мамандарға жүгінеді. Көбіне адамның мінез-құлқының өзгергенін, қылықтарының құбылғанын және ұйқысы қашып, тәбетінің болмауын көбіне туыстары байқайды екен.

"Бізде қазір 10 мың 600 адам есепте тұрса солардың 70 пайызы шизофрения, яғни, тұқым қуалайтын аурулар. Жұрттың бәрінің ойлайтыны, осы психикалық аурумен ауыратындар сөйлесе алмайды, жұмыс істей алмайды деген түсінік қалыптасқан. Бұл қате пікір. Олар уақтылы дәрісін ішіп, емін қабылдап, кеңесін алып отырса, олар қалыпты адамдар. Жұмысқа жарамды, отбасылары бар адамдар", - дейді орталық директоры Сапар Рахменшеев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная