17 қараша 2019 17:05

Алматыда адам қағып кеткен мас әйел ұсталды

Камила Долаева Журналист
© СТВ

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен әйел ұсталды. Ол апат кезінде мас болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен әйел ұсталды. Ол апат кезінде мас болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Hyundai маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1992 жылғы С. есімді азаматша мас күйде жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі "Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жол апаты MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жолда болған. Әйел ұйықтап кетіп, көлік жол жиегіне шығып кеткен де, сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіреберісте жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан жүргізуші жеңіл жарақат алды, ал жаяу жүргінші оқиға болған жерде қаза тапты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram