20 маусым 2019 | 09:08

Жамбыл облысында тойдан шыққан жастар жол апатына ұшырады

Видеодан алынған кадр © КТК

Жамбыл облысында тойдан шыққан жастар жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында тойдан шыққан жастар жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылып, үш адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауруханада ауыр халде жатыр.

Реклама
Реклама

Қайғылы жағдай Құлан ауылында болған. Меrcedes жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Passat-қа соғылған. Соққының даусынан тіпті тұрғындар шошып оянған.

Сондай-ақ, телеарнадағылардың мәліметінше, екі техниканың бөлшектері әр жерде шашылып жатыр. Біреуінің спидометрі сағатына 140 шақырым жылдамдықты көрсеткен бойда қатып қалған. Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қаза тапқандар - 1995 жылы туғандар. Екеуі де отбасылы болған. Кәмелет жасына толмаған екі балалары бар. Олардың ішімдік ішкен-ішпегендері сараптамадан кейін белгілі болады", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная