Қорық директоры Қарағанды облысында инспекторлар тап болған оқиғаның мән-жайын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Баконьерлер инспекторлардың машиналарына Жезқазған мен Қызылорда аумағындағы далада оқ жаудырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақбөкен ҚҚ директоры Игорь Милосердовқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Баконьерлер инспекторлардың машиналарына Жезқазған мен Қызылорда аумағындағы далада оқ жаудырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақбөкен ҚҚ директоры Игорь Милосердовқа сілтеме жасап.

"Оқиға кеше болды. Сол кезде жұмыс бабымен Қарағандыға бара жатқан едім, бірақ бір сәтте қайта артқа қайтуым керек болды. Яғни, мен бұл оқиға болып қойған соң ғана келдім. Инспекторлардың айтуынша, олар көліктердің соңынан жүрген. Бір-біріне жақын қашықтықта болған. Көлікке қарай екі рет оқ атылды. Сосын браконьерлердің көлігінен инспекторларға қарай бір зат ұшып кетті де, көлік өртене бастады. Инспекторлар жанып жатқан көліктен жүгіріп шықты. Нақты қанша браконьердің болғаны белгісіз. Үш инспектор болды, олар Алматыдан. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өздері солай айтып отыр. Бірақ расында барлығы қалай болғанын тергеу анықтайды. Себебі инспекторлар басқа түсінік беруі мүмкін, ал оқиға орнын тексерген соң басқа деректер анықталуы мүмкін", - деді Игорь Милосердов.

Сондай-ақ, ол инспекторлардың өртеніп кеткен көлігі қазіргі уақытта оқиға орнында екенін айтты. Оны әдейі ешкім ұстамаған. Көлікті видеотіркеу құрылғысы, рациясы бар. Бірақ оларды қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Себебі көлік түгі қалмай өртеніп кеткен. Директор әзірше полицияға хабарласпаған, себебі оған жұмыс бабымен жедел түрде Қарағандыға кетуге тура келген. Ер адамның айтуынша, ол жұмыстарын аяқтаған соң құқық қорғау органдарына хабар береді.

"Қазір нақты бір мәлімет айту мүмкін емес. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеуі керек. Көліктің оң жағы өртеніп кетті. Келтірілген шығынды әлі есептемедік. Инспекторлар белгілі бір уақытқа дейін көліктің ішіндегі заттарды алып шықпақшы болды. Көлікте екі бак бензин болды, ол кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін еді", - деді директор.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында браконьерлердің инспекторларға оқ жаудырғаны хабарланған еді. Бұл туралы Facebook желісінде Марғұлан Сейсенбаев хабарлаған болатын. "Бүгін Ақбөкен ҚҚ территориясында инспекторлық қызмет атқару үстінде инспекторлар браконьерлермен қақтығысқанын айтып берді. Бір экипажға оқ жаудырған. Осыдан кейін қашып бара жатқан машинадан біздің көлікке қарай белгісіз зат лақтырды, сосын көлік өртенді. Адамдар зардап шеккен жоқ, тек киімдері бүлінді. Машина толықтай өртеніп кетті. Видеосы бар", - деп жазды ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro