Әлемдегі үздік футболшы қыздың жалақысы Месси айлығынан 325 есе аз болып шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Sports.ru © Sports.ru

Футболдан Норвегия құрамасының және француздық "Лион" клубының шабуылшысы Ада Хегерберг аргентиналық сұрмерген Лионель Мессиден 325 есе аз жалақы алады екен, - деп хабарлайды France Football.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Норвегия құрамасының және француздық "Лион" клубының шабуылшысы Ада Хегерберг аргентиналық сұрмерген Лионель Мессиден 325 есе аз жалақы алады екен, - деп хабарлайды France Football.

Басылым мәліметінше, Хегербергтің жылдық табысы 400 мың еуро болса, Месси 130 миллион еуро табады. Сонымен қатар, олар әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы қыз және ғаламшар футболшысы ретінде тіркелген. 

Үздік бестікке Мессиден бөлек туриндік "Ювентус" сұрмергені Криштиану Роналду (113 миллион еуро), ПСЖ шабуылшысы Неймар (91,5 миллион еуро), "Атлетико" сапындағы Антуан Гризманн (44 миллион еуро) және "Реалдағы" Гарет Бэйл (40,2 миллион еуро) кірген. 

Хегербергтен кейінгі ең жоғары ақы төленетін футболшылар қатарында оның командаластары Амандина Хенри (360 мың еуро) және Венди Ренар (348 мың еуро), сондай-ақ "Скай Блу" (345 мың еуро) және "Орландо" (340 мың еуро) үшін өнер көрсететін Карли Ллойд болып табылады.

2018 жылы желтоқсанда Хегерберг әлемдегі ең үздік футболшы болып танылып, әйелдер арасында тұңғыш рет "Алтын допты" иеленді. 2017/2018 маусымында норвегиялық футболшы қыз "Лион" сапында Франция чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro