"Астана" "Манчестер Юнайтедтен" бір гол айырмашылығымен жеңілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "Астана" ФК © "Астана" ФК

"Астана" футболшылары Еуропа лигасы топтық кезеңінің алғашқы матчында сырт алаңда англиялық "Манчестер Юнайтедтен" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Астана" футболшылары Еуропа лигасы топтық кезеңінің алғашқы матчында сырт алаңда англиялық "Манчестер Юнайтедтен" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

L тобының алғашқы тур ойыны "Олд Траффорд" стадионында өтті. 

Манчестерлік клубтың бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер бұл матчта бірқатар жас ойыншысын негізгі құрамда шығарды - 21 жастағы қорғаушы Аксель Туазебе, 19 жастағы хавбек Эйнджел Гомес, 17 жастағы форвард Мэйсон Гринвуд және 19 жастағы шабуылшы Таит Чонг матчты бірінші минуттан бастады. Ал "Астана" құрамында ешқандай өзгеріс болмады. 

Матчтың 3-минутында Фред тепкен доп Ненад Эрич қақпасының маңдайшасына тиді. Артынша алаң иелері қысымын азайтқан жоқ, көбіне Маркус Рэшфорд шабуылда белсенді болды. 

"Астана" алаң иелерінің қысымына шыдап, үзіліске 0:0 есебімен кетті. 


© "Астана" ФК

Екінші таймда да МЮ ойыншылары шабуылын тоқтатпады. Бірақ үзілістен кейін "Астана" батылырақ ойнады. Қазақстан чемпионы матчтың 72-минутына дейін қақпасын голдан сақтай алды. 73-минутта Мэйсон Гринвуд гол соғып, "Манчестер Юнайтедке" жеңіс сыйлады. 


© "Астана" ФК

L тобының екінші матчында сербиялық "Партизан" өз алаңында голландиялық "АЗ Алкмармен" тең түсті - 2:2. 

Енді Еуропа лигасының 2-туры 3 қазанда өтеді: "Астана" елорда уақытымен 20:50-де өз алаңында "Партизанмен" кездеседі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro