Жерар Гоу "Қайрат" жанкүйерлерімен қоштасты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жерар Гоу. © mondialsport.net Жерар Гоу. © mondialsport.net

"Қайрат" футбол клубының ивуарлық шабуылшысы Жерар Гоу командадан кеткенін хабарлады. Футболшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлерімен қоштасып, Қазақстан футбол федерациясына алғысын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қайрат" футбол клубының ивуарлық шабуылшысы Жерар Гоу командадан кеткенін хабарлады. Футболшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлерімен қоштасып, Қазақстан футбол федерациясына алғысын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін шабуылшы алматылық командамен келісімшарты аяқталысымен кететіні жайлы хабар тараған-ды. Үш маусым "Қайрат" сапында ойнап, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

28 жастағы ивуарлық футболшы алматылық команда сапына 2014 жылы Ресейдің "Краснодар" клубынан ауысып келген еді. Одан бергі аралықта Қазақстан премьер-лигасында 102 ойынға қатысып 80 гол соқты. Соңғы үш маусымда да үздік сұрмерген атанды. Ал барлық турнирлерді қоса алғанда 143 ойыннан 103 гол соққан.

"Мен барлығына рақмет айтқым келеді! Алдымен Қазақстан халқынан бастаймын. Мен сіздерді сүйемін. Мені ыстық ықыласпен қарсы алдыңыздар. Футболды жақсы көретін барлық жанкүйерлерге алғысымды жеткіземін. Рақмет ҚФФ. Қиын сәтте де, жеңісті сәттерде де Қайрат командасына қызу қолдау білдірген жанкүйерлерге көп рақметімді айтамын. Командалас әріптестеріме де алғысым шексіз. Біз барлығымыз Қазақстан футболының жоғары деңгейге көтерілу жолында тер төктік. Мен Қайрат футбол клубын ешқашан ұмытпаймын. Әсіресе клуб президенті мақтан тұтамын. Ол мені баласындай жақсы көріп, сенім артқанына,талантымды ұштауыма сеп болды. Осы хабарлама арқылы Қайрат командасымен жолымыз екі айырылғанын айтқым келеді. Мен халық командасы үшін қашанда дайынмын. Бәлкім, көп кешікпей Қазақстан футболына қуаныш сыйлау үшін қайта қауышып та қалармыз. Мен сендерді сүйемін. Алға Қайрат", - деп жазды шабуылшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, таяуда ғана Jeune Afrique журналы Жерар Гоу "Қайратта" жылына 2 миллион еуро алатыны жайлы жазған еді. Шабуылшыға Белградтың "Партизан" футбол клубы қызығушылық танытуда.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro