2015 жылы 1300-ден астам әскери пәтерлі болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2015 жылы Қазақстанның 1324 әскериі мен олардың отбасылары пәтерлі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2015 жылы Қазақстанның 1324 әскериі мен олардың отбасылары пәтерлі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылы 1 324 қазақстандық әскери қызметші және олардың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамту Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау және Аягөз қалаларында, Гвардейск, Сарыөзек, Бауыржан Момышұлы, Отар, Арнасай, Ақмол ауылдарында құрылыс, күрделі жөндеу мен сатып алу тәсілі арқылы пайдалануға берілетін болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, ведомствоның мәліметінше, 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстанның түрлі қалалары мен өңірлерінде 6336 пәтер (оның ішінде 63-і жалға берілген) мен 273 пәтерлі 201 коттедж берілген.  

Үймен қамтамасыз ету, ведомство өкілдерінің айтуынша, қазақстандық әскерилерді әлеуметтік қолдаудың негізгі бағыттарының бірі екенін айтады. "Осылайша әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының өмір сүру деңгейі сапалы түрде жақсарып, әскери қызмет өтеу жерлерінде өмір сүру үшін жайлы жағдайлар жасалған пәтерлерде тұратын болады", - дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарында келісімшарт бойынша еңбек өтілі 10 жылға жетпеген әскерилерге қызметтік баспана беріледі немесе баспанамен қамтамасыз етілгенше пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы төленеді. Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігінде қолданыстағы жүйемен қатар кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігінің жекеменшігіне аударылатын пәтерлерді жалға беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro