13 қараша 2019 | 19:52

Ақтауда Astana Hub технопаркі "Стартап Мектебі" курсын өткізді

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопарк командасы Mangystau Startups Acceleration стартап-орталығында IT саласында идеялары бар жас кəсіпкерлер үшін Startup Sapary бағдарламасы аясында "Стартап Мектебі" курсын өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопарк командасы Mangystau Startups Acceleration стартап-орталығында IT саласында идеялары бар жас кəсіпкерлер үшін Startup Sapary бағдарламасы аясында "Стартап Мектебі" курсын өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Қатысушылар қысқа мерзім ішінде бизнес-идеяларды құру бойынша теориялық білім алды. Сондай-ақ Стартаптың классикалық бизнестен немен ерекшеленетіні талқыланып, жобалардың артықшылықтары туралы əңгімелесті. Курс қорытындысы бойынша 100-ден аса қатысушы сертификатпен марапатталды.

Реклама
Реклама

Ал 14 қараша күні "Мемлекеттік сектор үшін IT-Форум" өтеді. Бұл күні мемлекеттік жəне жергілікті басқармалардың өкілдері мен мамандары "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын болашағы, мақсаттары мен міндеттері туралы толық ақпарат алу, сондай-ақ қазіргі заманғы IT-шешімдермен танысады. Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі стартап-жобаларды дайындаумен жəне дамытумен айналысады. Технопаркте IT-стартаптарды дамытудың тегін бағдарламалары, яғни стартап мектебі, инкубация жəне акселерация бағдарламалары жұмыс жасайды.

Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауынша, технопарк стартаптарымен тартылған инвестицияның жалпы сомасы бүгінгі таңда 17 миллиард теңгеден асқан. Болашақта Astana Hub технопаркі еліміздегі ІТ-кəсіпкерлікті дамыту мен бірлескен жобаларды құру үшін өңірлердің технопарктерімен тығыз ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная