13 қараша 2019 | 14:25

Алматы облысында 2-сынып оқушысы қайтыс болды

Алматы облысы екінші сынып оқушысы қайтыс болды. Қайғылы оқиға 11 қарашада Текелі қаласының № 4 мектебінде үзіліс кезінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы екінші сынып оқушысы қайтыс болды. Қайғылы оқиға 11 қарашада Текелі қаласының № 4 мектебінде үзіліс кезінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бала шоколадқа қақалып қалған - екінші сыныпта оқитын баланың өліміне осындай себеп айтылады. Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері, бірінші және екінші сабақ арасында үзіліс кезінде болғанын айтады. Оқушы кенеттен құлаған, оның артынан келе жатқан кезекші мұғалім алғашқы көмек көрсеткен - жасанды дем берген. 

Реклама
Реклама

Мұғалімдер дереу жедел жәрдем шақырған, дәрігерлер үш минутта келген. Алайда оғиға орнына келген дәрігерлер ештеңе істеп үлгере алмаған, бала жүріп кеткен. 

"Оған жасанды дем бергенде, шоколадтың бір бөлігі түскен. Аузыда шоколадтың түсіне боялған. Болжаммен бала - бөтен затқа қақалып (асфикция), дем жетпеуден қайтыс болған. Сараптама жүргізілді, нәтижелері кейінірек айтылады", - деді Алматы облыстық баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел. 

"Қайғылы жағдай тіркелді. Сараптама тағайындалды. Процессуалдық шешім кейінірек шығарылады", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная