28 тамыз 2019 | 17:27

Алматыда жолаушылары бар автобустан түтін шыққан - Видео

видеодан үзінді

Алматыда қозғалыс кезінде жолаушылары бар автобустан түтін шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қозғалыс кезінде жолаушылары бар автобустан түтін шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісіндегі @kris_p_almaty паблигінде жарияланды. Видеода автобус салонынан адамдардың шығып жатқаны түсірілген. Автобус болса қою түстінге оранған.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

#new #bus #almaty #???? #????

Публикация от kris_p_almaty (@kris_p_almaty) 27 Авг 2019 в 12:52 PDT

27 тамызда Жароков көшесінің бойында № 19 автобустың моторы тұратын бөліктен түтін шыққан.

"Алаңдайтындай ештеңе болған жоқ, дереу автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылған. Ол лезде қозғалтқыш бөлігін өрт сөндіруге арналған сұйықтық шашқан. От шыққан жоқ. Жолаушылардың барлығы шықты, ешкім зардап шеккен жоқ", - деді CityBus ЖШС директорының орынбасары Амангелді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, автобус қазіргі уақытта автосервисте. Неліктен мұндай жағдай болғанын мамандар анықтап жатқан көрінеді.

"Оған бір жылда болған жоқ, кепілдемесі бар", - деді Амангелді Әбдірахманов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram