11 қаңтар 2019 | 15:00

Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылатын фронт-офистердің ашылуы арқасында күту уақыты 2-3 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарды және тыйым салынған заттарды алып өту мүмкіндігі барынша азайды.

"Қазіргі кезде біз Алматы аумағында инфрақұрылымдық жағдай жасауға күш салудамыз. Мемлекет басшысы айтқандай, есеп беру, ашықтық және сервистік бағыт болғаны жөн. Біз жергілікті атқарушы орган ретінде қаржы іздестірудеміз, прокуратура және полициямен бірге цифрландыру бойынша жұмыс істеп, адами фактор мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудамыз. Мұнда жазасын өтеп жатқандарға дұрыс жағдайлар жасалуы тиіс. Олармен жақындары мен адвокаттар кездесуге келгенде барлығы ыңғайлы болғаны жөн. Енді келушілер далада көп күтіп тұрмайды, өйткені электронды кезек бар. Мекемеге дейін келетін үш автобус бағыттары ұзартылды, ал көктемде айнала абаттандырылатын болады", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы тәулік бойына жұмыс жасайтын алғашқы фронт-офисті де көрді. Мемлекет басшысының бұқарамен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша қаланың барлық аудандары полицияларының жанынан фронт- офистер ашу үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.

Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев өзінің сөзінде жаңадан ашылған фронт-офистер азаматтар үшін өте ыңға йлы екенін, олардың бұрынғыдай көшеде ұзақ тұрмайтынын, бірнеше тексеру пункттері мен кабинеттерден өтпейтінін айтты. Өтініштерді және басқа да құжаттарды қабылдау үшін небәрі 15-20 минут кетеді әрі мұнда процессуалды прокурор тұрақты болады.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек "Жетісу-Семиречье" сауда үйі базасында ашылған автомобилистердің арнайы ХҚКО-ның жаңа бесінші бөлімшесін тексерді. Соңғы жылдары Алматының арнайы ХҚКО жүктемелерінің 5 есе артуына орай бұрындары қала әкімдігі Жетісу және Наурызбай аудандарында қосымша бөлімшелер ашу туралы шешім қабылдаған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңестің отырысы барысында қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеті бағытын атап өткен болатын. Олар - полицияны материалдық-техникалық жабдықтау, цифрландыру, қоғамдық кеңістіктің қауіпсіздігі, "көлеңкелі экономикамен" күрес, төтенше жағдайлардың алдын алу, жол қауіпсіздігі, қылмыстың болдырмаудың пәрменді шаралары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети