07 тамыз 2020 | 20:24

Баланың бала бақшаға үйренісіп кетуіне көмектесу. i-balaqai жобасында Лейла Күленова

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова баланың мектеп жасына дейінгі мекемеге үйренісіп кетуіне көмектесу және ата-аналар бала бақша таңдау кезінде неге назар аударуы қажет екенін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова баланың мектеп жасына дейінгі мекемеге үйренісіп кетуіне көмектесу және ата-аналар бала бақша таңдау кезінде неге назар аударуы қажет екенін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Лейла Күленованың сөзінше, бала бақша - бала ойнап, байланыс орнатып, өзі достасуға тырысып, ойыншық сұрап, оны беріп, үйіндегі секілді бастық емес екенін, басқа да балалар барын түсінетін жер. 

Жалпы соңғы 10 жылда бала бақшалардың саны 15 есе ұлғайған. Бұған дейін шамамен 400 бала бақша болса, енді олардың саны жақында 4 мыңға жуықтайды. Бұл тек мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін бала бақшалардың статистикасы. 

"Ал бұл бала бақшалардың сыйымдылығы, мемлекеттік тапсырыс бойынша, 2019 жылдың соңында 329 мың болған. Мен тек жеке бала бақша туралы айтып отырмын", - дейді спикер. 

Бала бақшалар көлемі бойынша, жеке не мемлекеттік болып, шағын және типтік, бейімделген, қайта құрылған деп бірнеше түрге бөлінеді.  

Мемлекетке тәуелді емес, коммерциялық бала бақшалар болады, яғни, олар көрсететін қызметтеріне кез келген бағаны белгілей алады. Бірақ мемлекетпен келісім жасасып, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде келісім шарт жасайтындар болады. Лейла Күленованың айтуынша, олардың саны көбірек. 

Бала бақша таңдаудағы шарттар

Жалпы адамдарда мемлекеттік бала бақшалардың қызмет сапасы жақсы деген ой қалыптасқан. Лейла Күленова жекешелендірудің формасы ештеңеге әсер етпейтінін айтады. 

Ата-аналар бала бақша таңдауда бірнеше шарт бар:

Біріншісі - бала бақшаның жайлы болуы және қауіпсіздік. 

Екіншісі - тамақтану, нормалардың сақталуы. 

Үшіншісі - білім беру бағдарламалары, білікті педагогтер. 

Сонымен қатар, баланың жасы мен қажеттілігі маңызды роль атқарады. 

"Баласы кіші жастағы ата-аналар нені қалайды? Ойыншық көбірек болса, олар ойнай алса дейді, бала өз жасына сай дамығанын қалайды. Егер бала үлкенірек болса, ата-ана ол мектепке дайындала ала ма, қызық тапсырмалар бола ма, ол жерде не өтеді, ұстаздары қандай деген секілді сұрақтар мазалайды. Бала дайындық тобында болса, қаншалықты дайындала алады деген сұрақ туындайды. Яғни, қажеттілік әртүрлі болады", - дейді маман. 

Ата-аналар дайындық орталықтары мен мектепке дейінгі мекемелерді таңдауда көбіне екіншісін артық көреді.  

"Білесіз бе, біз орталыққа аптасына үш рет бір сағаттан ғана баратынбыз, есесіне бірнеше өлеңді жатқа білеміз, жақсы билей аламыз, ал мына жерге келгенімізге екі ай болса да ештеңе білмейміз". Мәселе олардың өзгешелікті түсінбейтіндерінде. Бала бақшада жасқа бөліну бар, оның әрқайсына өзіне тән мағлұмат пен дағды бар, ол типтік бағдарлама, білім беру стандартына қарай бөлінеді.

Ол екі жасар баласы 5-6 жастағы бала болып шығатынын меңзеп тұр ғой. Біз оны бірден отырғызып, қолына қайшы ұстата алмаймыз, дайындық орталықтарындағыдай бірден қолына илейтін зат бере алмаймыз. Алғашында ол жай ғана пластилинді мыжғылап, сосын шеңбер жасауды үйреніп, сосын фигуралар жасап шығуы керек. Сол секілді жазуды да үйретеміз, бастапқыда қолын дұрыс қойып, моторикаға дағдылап, процеске дайындаймыз", - дейді Лейла Күленова. 

Бала бақшаға алғаш рет бару. Кеңестер

Ата-аналар алғаш бала бақшаға барған балада стресс болатыны, сондықтан оған сабырлы ата-анасының қолдауы қажет екенін түсінуі қажет. Лейла Күленова мұндай жағдайда ата-аналар ең алдымен өзімен жұмыс істеу керегін айтады, себебі қорқыныш сезімі балаларға берілуі мүмкін. 

Дұрыс келісу арқылы мектеп жасына дейінгі балаға анасы қасында болмаса да қауіпсіз екенін түсіндіруге болады. Сарапшы баланы алдаудың қажеті жоғын, балаға ақырындап түсіндіріп, ең алдымен тәрбиешісімен таныстыру керегін айтады. 

"Бұл дәл сондай үй екенін, мысалы, мына кісі Мария Ивановна екенін айтып, таныстыру керек. Әрине, бәрі жақсы болып кету үшін бірден байланыс орнату қиын", - дейді спикер. 

Алдағы бір апта не одан көп уақытта баланы жаңа ортамен таныстыру керек. Алдымен жарты сағатқа, сосын бір жарым сағатқа әкелген жөн. 

"Ойын уақытында, ұйқы уақытында. Бәлкім ол ұйықтағысы келмейтін шығар, бірақ басқа балалар әлі ұйықтап жатқанын көреді. Бақылап, оны қинамай, келісу арқылы түсіндіру керек: "Бүгін осынша уақыт, ал ертең осынша уақыт боламыз". Сосын ол процесті түсіне бастайды", - дейді маман. 

Әрине, кейде балаға тәрбиеші мен тобы ұнамайтын кездер болады. Мұндай жағдайда ата-аналар баланың реакциясын бақылап, не үшін ыңғайсыздық туғанын анықтауы керек. 

"Бұл жағдайда баланың ұйқысын, қорқатынын, жылаңқы болып кеткенін тек ата-анасы аңғарады. Соның бәріне назар аударып, шешім шығару керек. Егер бір мекемеде солай болса, барлық бала бақша сондай деген сөз емес. Барлық кезде кінәлі тәрбиеші бола бермейді", - дейді спикер.  

Сондай-ақ сарапшы ата-ана комитеті жайлы ойын бөлісті. 

"Өз бағытының мүддесін қорғайтын үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп қоғамның мүддесін қорғайтын болады. Бұл жағдайда да солай. Ата-аналар комитеті барлық ата-ананың мүддесін қорғайды және бала бақша әкімшілігімен бірлесіп, олар бала бақшаның дамуы үшін үлкен істерді бірлесіп жасай алады", - дейді Лейла Күленова. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, SpotifyЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети