14 тамыз 2020 20:12

Балаңыз буллинг құрбаны болған жағдайда не істеу керек? Сарапшының кеңестері

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында "Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Жұмағұлова буллинг дегеннің не екенін, оның салдары мен буллингпен күресу жолдарын айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында "Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Жұмағұлова буллинг дегеннің не екенін, оның салдары мен буллингпен күресу жолдарын айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Зарина Жұмағұлова тыйым салу мен шектеу ата-аналар баланың қауіпсіздігі үшін қолданылатын негізгі тәжірибеге айналғанын айтады. Бірақ тәжірибелер нәтижесі балалар ережені біле отырып, оларды төтенше жағдайларда қолдана алмайтынын көрсеткен. 

"Балаларымызға олай жасауға болмайтынын, белгілі бір адамдарға сенуге болмайтынын жеткізгіміз келеді. Яғни, құнды кеңестер беріп, тыйым салып, баланы дербес өмірге, жалпы сыртқа шығып, қыдырып немесе дүкенге барып келгенін қалаймыз. Бала не оған үйреткендей әрекет етпейді, не қателесіп, оны жазаланады деп қорыққанынан немесе ата-анасымен сенімді байланыс болмағандықтан айтпауы мүмкін", - дейді ол.   

Сондықтан балаларға төтенше, қиын жағдайды еңсеруді ғана емес, сондай-ақ ата-аналардың жағдайды нақты түсіндіргені маңызды. 

Буллинг деген не?

Буллинг - біраз уақытқа созылатын, біреудің басқа адамды, өзінен әлсіз адамды әдейі басу, адамның психологиялық, физикалық, жыныстық зорлық болсын, жалпы тұлғаның жарақат алуына себеп болады. 

"Өкінішке қарай, біз қудалау деген сөзді бүкіл сынып бір балаға қарсы шыққан "Чучело" фильмімен байланыстырамыз. Қудалау сол екен деп ойлап, "Буллинг деген сәндегі сөздің бізге не керегі бар?" деп ойлаймыз. Шын мәнінде олай емес. Буллинг - соңы жаппай қудалауға ұшыратып, зардап тарттыруға әкеп соғатын әрекетке ұласуы мүмкін", - дейді сарапшы. 

Буллинг жаппай қудалауға ұласпауы үшін баланы ренжіткен тарап адамның көңіліне тиетін, кемсітетін сөздерді қолдана бастағанға дейін тоқтату керек. 

"Балалар қорлау дегеннің не екенін білмеуі керек, яғни, жағдай оған дейін өршіп кетпеуі керек, балалар буллинг дегеннің не екенін және оның алдын алу жолдарын білуі керек", - дейді спикер. 

Балалардың арасында жанжалдың түр-түрі болады:

"Жанжал - бір реттік жағдай, ол жердегі роль бәрінде бірдей. Мысалы, бір бала бір қызға тиісіп кетсе, ертең ол қыз сол балаға тиісіп кетеді. Яғни, рольдермен ауысуға болады. Ал буллинг деген - рольдермен ауысу мүмкін емес кез, үнемі агрессия болатын кез, оның мақсаты - басқа адамға зиян келтіру, оны қорлау", - дейді Зарина Жұмағұлова. 

Көптеген ата-ана егер баласы ашуланшақ болса, демек "ол мықты, біз оны дұрыс тәрбиелеп жатырмыз" деп ойлайды.

Жанжал не буллинг туған кезде ондай ата-аналарға баланың өзін солай ұстауы буллинг құрбанына ғана емес, сондай-ақ агрессорға да зиян екенін айтып түсіндіру қиын болады. 

"Себебі, ол бала іштей өзіне қанағаттанбайтынын білдіреді. Демек, балаға бір нәрсе жетіспейді, махаббат, назар, даму жетіспейді. Болашақта бала өзін осылай ұстау моделін қалыптастырса, кейін ол қылмыс жасауға дейін баруы мүмкін", - дейді маман.  

Зарина Жұмағұлова балаға психологиялық қысым көрсетілгенде, оны ұру, қорлау деректері анықталған кезде маманның көмегіне жүгінген дұрыс екенін айтады. 

Балаға қатысты буллингті анықтау жолдары

Баланың қарапайым заттарға қызығушылығы жоғалған жағдайда.

  • Мысалы, ол бұған дейін сурет салуға қызығып, бірден ол хоббиіне деген қызығушылығы төмендеген болса;
  • Баланың оқу үлгерімі күрт төмендеп кетсе;
  • Егер сыныпта не мектепте буллинг болса, бала ол жерге барғысы келмейді. 

Одан бөлек, буллинг онлайн-кеңістікте де болуы мүмкін: баланы ортақ чаттан шығарып, бұғаттап, оған жағымсыз нәрселер, оған қатысты мемдер жіберген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ата-аналарға баланың келісімімен ата-аналық бақылауға арналған тегін бағдарламаларды жүктеп алуға болады:

"Оны кез келген мәселені шешу үшін қолдануға болады. Мысалы, балаға қоқан-лоқы көрсететін хабарлама, форматы қылмыстық сипаттағы видео келген болуы мүмкін. Ол бағдарламалар тегін, не болып жатқанын және интернеттен қандай файлдар жүктеліп жатқанын бақылау үшін ата-ананың гаджетіне де жүктеледі", - дейді спикер. 

Қорлаудың салдары баланың денсаулығына да кері әсер етуі мүмкін:

"Психосоматикада да буллинг болуы мүмкін, бұл жағдайда бала үнемі ауыра беретін болады. Тіпті белгілі бір адамдармен байланысамын немесе оны көргісі келмейтін ортаға баратыны туралы ойдан дене қызуы көтерілуі мүмкін. Әрине, ата-ананың осы жайттарды дер кезінде түсінуі, жағдайдың алдын алып, оның өршіп кетуіне жол бермейді", - дейді сарапшы. 

Бала буллинг құрбаны болған жағдайда не істеу керек? 

Егер ата-ана баласы буллинг құрбаны болғанын байқаса, онымен отырып сөйлесу керек. Балалар көп жағдайда ол тақырыпты қозғаудан қашқақтайды, сондықтан жағдайдың мән-жайын анықтау үшін талпыныс жасау керек. 

"Әрине, ата-аналар мәселеге өз деңгейінде араласуы керек. Яғни, сіздің балаңызды ренжіткен баламен емес, ең алдымен оның ата-анасымен сөйлесу керек",- дейді маман. 

Жағдай дөрекілікке ұласып кетпеуі үшін әңгімелесу стратегиясын құрып, нақты деректер мен дәлелдер келтіру керек.

"Құқықтық жағынан да мәселені шешу керек. Ол үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында қажет болатын (скрин, аудио, видео файлдар) заттарды баланы ренжіткен адаммен, болмаса оның ата-анасын жауапқа тарту үшін сақтап алу қажет", - дейді спикер. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, SpotifyЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова, Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы Нұрмұxаммед Досыбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети