БҰҰ Бас хатшысы Назарбаевты құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихында БҰҰ Бас хатшысы оның жұмысына бірінші рет қатысуда. Сіздің осы шараға келуіңіз ұйым үшін тарихи сәт - ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанның қабылдануымен тұспа-тұс келіп отыр. Сол арқылы бұл ұйым аймақтық деңгеймен шектелмей, елеулі саяси күшке айналуда", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

Мемлекет басшысы БҰҰ қызметінің қағидаттары мен оның барлық бастамаларын Қазақстан әрдайым қолдап келгенін атап өтті. 

"Өзіңіз білетіндей, Қазақстан антиядролық қозғалыстың көшбасшысы саналады және БҰҰ тарапынан 29 тамыз - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып жарияланды. Мен Қазақстан тарапынан Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін сыйлық тағайындадым. Иордания Королі ІІ Абдалла осы халықаралық сыйлықтың бірінші лауреаты атанды", - деді Қазақстан Президенті.      

БҰҰ Бас хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуімен құттықтап, оған Үндістан мен Пәкістанның мүше болып қабылдануын атап өтті.    

"Мен осы саммитке Шанхай ынтымақтастық ұйымының бірте-бірте бүкіл әлемдегі ықпалдастық орталығына айнала бастағанын жете сезініп келдім. Бұл ұйым, менің ойымша, бүгінгі әлемдік құрылымның маңызды тірегі болып саналады. Үндістан мен Пәкістан осы басқосуда сындарлы диалог жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады деп ойлаймын", - деді Гутерриш.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro