30 маусым 2019 13:34

Данияр Джұмаділов КВН, сүйікті әншілері мен қазақ шоу-бизнесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Спарта" КВН командасының капитаны, "3038" тобының әншісі Данияр Джұмаділов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Спарта" КВН командасының капитаны, "3038" тобының әншісі Данияр Джұмаділов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данияр Джұмаділов Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, сонымен қатар әзіл-сықақшы "Брат или брак 2" фильміне түскен.

Данияр Джұмаділов өз сұхбатында КВН туралы, жоғарғы лигадағы жеңісі мен қазақтардың айтулы сайыстарда жеңіліс тапқаны жайлы айтты. Сондай-ақ ол еліміздегі шоу-бизнес көңілінен шықпайтынын алға тартты. Әзіл-сықақшы көңілінен шығатын әншілер туралы да сөз қозғады. Ол Скриптонит және Джа Калибтың шығармашылығы көңілінен шығатынын да айтты. Оған қоса сұхбат барысында Данияр КВН-де өнер көрсеткенде қанша ақша жұмсалағанын да сөз етті.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына актриса Гүлназ Жоланова, актер Жахан Отарғалиев, актриса Дариға Бадықова, жас әнші Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети