Ержан Максим The World's Best шоуына қатысуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі америкалық The World's Best 2020 таланттар шоуына Ержан Максимнің кандидатурасын ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі америкалық The World's Best 2020 таланттар шоуына Ержан Максимнің кандидатурасын ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің брифингі барысында Ержан Максимнің тағы қандай байқауларға қатысатыны жайлы сұрақтар қойылды.

"Министрлік қазір бұл мәселені шешіп жатыр. Биылғы балалар "Евровидениесі" өтіп кетті, енді Ұлыбританияда, Америкада байқаулар өтеді. Осы жылы АҚШ-та өткен The World's Best шоуына екі қазақстандық қатысты - Данэлия Төлешова мен Димаш Құдайберген. Келесі жылы министрлік ол байқауға  Ержан Максимнің кандидатурасын ұсынады", - деді Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров.

Ержан Максим Нұр-Сұлтанда концерт береді

Мұның алдында продюсер Игорь Крутойдың Ержан Максимді музыкалық академиясына оқуға шақырғаны хабарланған еді.

Оралдық 11 жастағы Ержан Максимнің "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленген болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

Алла Пугачева менің әлем жұлдызы болғанымды түсінде көріпті - Ержан Максим

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro