Жарнама компаниялары альянсы билбордтар мәтініндегі қателердің себебін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Серікжан Мәулетбай ©Серікжан Мәулетбай

Қазақстан жарнама компаниялары альянсының директоры Болат Қожақов жарнама мәтініндегі қателер жөнінде филологтар айтқан сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан жарнама компаниялары альянсының директоры Болат Қожақов жарнама мәтініндегі қателер жөнінде филологтар айтқан сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық жерлердегі қазақ тілі мәселелеріне арналған басқосуда Болат Қожақов жарнама мәтіндерінде қателердің болу себебін түсіндірді. "Көп бренд Қазақстанға ағылшын тіліндегі мәтінмен келеді. Одан кейін орыс тіліне калькаланады, кейін калька орыс тілінен қазақ тіліне ауысады. Оған қоса, жарнамашылар сыртқы жарнама эскиздерін тілдерді дамыту басқармасымен келісіп алуы керек деген заң бар. Мағыналық қате мен жаңсақ аударма үшін басқарма жауап береді. Бірақ бұл ведомствода жарнама мәтінін қазақ тіліне дұрыс аудара алатын маман болады деп айта алмаймын", - деді Қожақов. 

Жарнама компаниялары альянсының директоры жарнама мәтіндерінің сапасын жақсарту жөнінде ұсыныс айтты. Қожақовтың айтуынша, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы компаниялар үшін рұқсат ету рәсімдерінің санын қысқартуды ұсынады. "Бұған байланысты біздің ұйым мемлекеттік органдардың келісімін алуды алып тастауды және бұл өкілеттікті тілдерді дамытудың жергілікті орталықтарына, институттарға, кафедраларға бруді ұсынды. Оларда қазақ тілін білетін ғана емес, онымен кәсіби түрде айналысатын мамандар отыр. Олар аударма үшін жауапкершілікті алуы керек", - деді ол.

Еске салайық, 2014 жылы Алматыда қазақ тіліндегі мәтінінде қатесі бар 978 билбордтың орнатылғаны хабарланған болатын. 6146 жарнама мәтіні тексеріліп, бекітілген. Мамандар қазақ тіліндегі көрнекі ақпараттарда қателердің көп болуы жарнама агенттіктерінің мәтінді қазақтың менталитетіне қарай бейімдеуіне құлықсыздығынан және жарнама жасауға аудармашы-копирайтерлердің қатыстырылмауынан деп есептейді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro