18 тамыз 2019 10:50

Қапшағай тұрғындары жер сілкінісін сезді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында үшінші жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында үшінші жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 тамызда 09:12-де ҚР БҒМ "СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 78 шақырым жерде Алматы облысындағы Қапшағай қаласының маңында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,9. Тереңдігі 20 шақырым", - делінген хабарламада. Шамамен Қапшағайда 2-3 балдық жер сілкінісі болған. 

Алматы облыстық ТЖ департаменті мәліметті ала салысымен жергілікті атқарушы органдардың барлығына, ТЖА, ПД, прокуратура, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдар осы аймақта сақадай сай тұр. 

Айта кетейік, Алматы облысында жер сілкінді. Жер асты дүмпулері Жаркентте 4-5 балл, Талдықорған - 2-3 балл, сондай-ақ Кеген ауданындағы Саты ауылында - 2-3 балл сезілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети