15 мамыр 2016 13:43

"Қазақ жалқау" деген сөз - Кеңес Одағынан келген құлдық сана сезімі - Мұхтар Тайжан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы жиынында Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан сөз алып, комиссия алдындағы негізгі міндеттері мен өз ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы жиынында Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан сөз алып, комиссия алдындағы негізгі міндеттері мен өз ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір ағаларымыз осында пікірлерін айтып кетті, "қазақ - жалқау, өкінішке қарай қолдарынан ештеңе келмейді" деп айтты. Мен онымен мүлдем келіспеймін. Мен оны Кеңес Одағынан келген құлдық сана сезімі деп есептеймін. Мәселен біз мына отырған ғимаратты керек болса ауылдағы қарапайым қазақтың қолымен салыған. Астанада да толық сондай. Өз басым асфальтта туып өскеніммен, соңғы үш жыл ішінде ауыл шауашылығымен айналысамын. Шаруалармен бірігіп, пияз егемін. Сондықтан біздің шаруалардың қолынан бәрі келеді. Оларға тек мүмкіндік керек деп ойлаймын", - деді ол. 

Мұхтар Тайжан жер реформасына қатысты сөйлей келе, Президенттің "Халыққа ұнамайтын заң бізге керек емес" деген сөзін дұрыс деп есептейніні айтып өтті. "Ал халық өз ұстанымын, пікірін үш-төрт аптаның ішінде айқын білдірді. Халқымыз жерді шетелдіктерге не жалға беруге, не сатуға қарсы. Біздің роліміз халықтың ұстанымын, керек болса талабын орындау (...)", - деді ол. 

Айта кетейік, кеше Мұхтар Тайжан Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтан жер реформасына наразылық білдірген қазақстандық белсенділерді белгісіздер қаржыландырып жатыр делінген деректерді анықтауды сұраған болатын. Мұхтар Тайжан "Еуразия" Бірінші арнасының шығарылымдары жайлы айтып отырған болуы мүмкін. Сәуір айының соңында бұл телеарнада"Қазақстанда айдап салулар үшін жақсы төленді" деген атаумен видео жария болған еді, тілшілерінің айтуынша, рұқсат етілмеген қазақстандық белсенділердің әрқайсысына 50-150 доллар аралығында ақша төленген. Сол кездің өзінде бұл мәлімет әлеуметтік желілерде дау туғызған еді. Қолданушылар бұл деректердің күдік туғызатынын айтқан болатын. Ал 14 мамырда "Еуразия" телеарнасы "белсенділерді қаржыландыру" тақырыбында видео жария етті. Ролик "Заңсыз жиындардың қаржыландырғанының дәлелдері" деген атаумен шықты.

Еске салайық, кеше Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өткен болатын. Бұл жиын 7 сағатқа созылды. Жиын аяқталғанда премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жер реформасын 7 сағат бойы талқылаудың нәтижесін айтты. "Менің ойымша, бүгін біз жақсы сөйлестік. Мәселені 7 сағат бойы талқылағанымызды білесіздер. Бүгін осында 75 адамның 70-і келді. 5 адам белгілі себептермен, бір адам, яғни Макс Боқаев отырысқа қатысудан бас тартты. Ол мүлде келмеймін деген жоқ. Оның қандай да бір талаптары бар, бұл оның жеке бағыты. Егер ол келгісі келсе, есігіміз ашық", - деді Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети