ПОДЕЛИТЬСЯ
17 тамыз 2020 | 20:05
Коуч баланың эмоциялық "банк есебін" қалай толтыру керегін түсіндірді
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында FranklinCovey xалықаралық компаниясының сертификатталған жаттықтырушысы Нұрдана Күлбаева дағды мен білімнің айырмашылығын және жасампаз жасөспірімдерді тәрбиелеу бойынша бірнеше кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында FranklinCovey xалықаралық компаниясының сертификатталған жаттықтырушысы Нұрдана Күлбаева дағды мен білімнің айырмашылығын және жасампаз жасөспірімдерді тәрбиелеу бойынша бірнеше кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - "Қазақтелеком" АҚ. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы.
Дағды деген не?
"Дағдыны үйренеміз, біз оны күнделікті қолданамыз. Біліммен бірнеше жыл бойы айналысуың мүмкін, ол тым көп, келісесің бе? Бірақ біз білетінімізді өте аз қолданамыз. Біз темекі шегу зиян екенін білеміз, бірақ соған қарамастан қаншама адам шылым шегеді. Спортпен айналысу өте пайдалы екенін білеміз. Бірақ біздің арамызда кім спортпен айналысады? Дағдыны біз күнделікті тұтынамыз, күнделікті істейміз, не істеп жатқанымызға аса назар аудармаймыз. Осылайша күш-қуатты сақтау режимінде жүреміз", - дейді Нұрдана Күлбаева.
Оның айтуынша, тиімділік жылдамдыққа байланысты емес.
"Тиімділіктің мәні оның не үшін қажет екенін, қайда бара жатқаныңды, оның мақсаты не екенін түсінуде", - дейді маман.
Бала тәрбиесі де соған байланысты. Мысалы, ата-аналар маманға жүгенген кезде кейде баланың бөлмесінің жинауына байланысты сұрақтар қояды.
"Айттың не, айтпадың не, бекер ғой". Сол кезде мен: "Сізге бір сұрақ қойсам бола ма? Айтыңызшы, ол сіз 80-ге келгенде маңызды бола ма? Бөлмені қалайша жинатқыңыз келеді?" деймін. Балаңызбен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу миссиясын алдыңызға қойған кезде, сіз 80-ге келгенде шынайы алғыс айтқанын қаласаңыз, мейлі 80 емес, 50, 40-қа келгенде, ол бас қосуда, ата-ана, туыстарымен кездескенде сізге анасы мен әкесі үнемі оған құлақ асқанын айтып, шынайы алғыс білдіреді. Сол кезде бөлменің жиналмауы сондай маңызды бола ма?", - дейді спикер.
"Қандай өзгерістер болатынын түсінесіз бе? Адам ойлаудың жоғары деңгейіне өткенде, бөлмелер де жинала бастайды. Себебі ата-аналар баласымен басқаша сөйлесе бастайды. Себебі балаға "тұр, бар, жина" деп бұйрық беріп сөйлегенде, бала оны істемейді. Ол - адам, ол - тұлға. Ал баламен "мен сенің бақытты болғаныңды қалаймын, ара-қатынасымыз жақсы болса деймін" деп сөйлесіп, қарым-қатынасты диалогқа сүйеніп құрғанда, пәтерлер де жинала бастайды. Бірақ ол үшін уақыт қажет", - дейді маман.
Оның айтуынша, үнемі жұмыс істейтін әмбебап құрал жоқ, сондықтан кейде балаға құлақ асу керек.
"Әрбір ата-ананың сұрақтар арқылы жағдайды түснетін коуч болғаны маңызды. Біз сұрақ қойған кезде, көп мәлімет ала аламыз. Бәлкім дәл сол кезде баланың басынан өзі істегісі келмейтін бір жағдай өтіп жатқан шығар", - дейді Нұрдана Күлбаева.
Пробелсенділік дағдысы
Пробелсенділік - үнемі жаттығуға болатын, сананы тәрбиелейтін дағды. Жанжал кезінде адам метопозицияға өтіп, мәселенің үстінен қарайды. Бұл жағдайда ол баланы, өзін бақылап, жағдайдан шығудың амалын табады.
"Бұл жағдайда не болады? Ол ақылды адамның кейпіне еніп кететін кез. Яғни, ол бірінші позицияда емес, ол ойша мәселені шешуді біледі, мәселеге үстінен қарайды. Ол кезде эмоция шетке ысырылып, ол - ол емес, ол үшінші позицияда жүрген кез. Ол балаға не болып жатқанын, оның реакциясын көреді. Ал бірінші позицияда болғанда, ол мұны көрмейді, ол тек өзін сезеді, болды", - дейді спикер.
Баланың жеке эмоциялық "банк есебі"
"Жеке эмоциялық банк есебі" деп аталатын құрал бар. Банк есебіне эмоциялық, өзіңізге берген уәдені орындау арқылы толтырып отыру жеткілікті. Бұл жағдайда бала үшін пайдалысы - ол өзін сенімді ұстайтын болады.
"Ересектерде ол эмоциялық банк есебі деп аталады, ол адамдармен қарым-қатынас орнату туралы", - дейді Нұрдана Күлбаева.
Алайда бала өзіне берген уәдесінің орындалуын ата-ана бақылауға тиіс емес. Бала тек өзі және қателесу арқылы есебін толтыра алады.
"Сол кезде мен өзіме уәде беріп, сол уәдемде тұрамын. Эмоциялық банк есебін толтыру арқылы өзіне деген сенім арта бастайды, адам оны мини, микро жеңістермен толтыра бастайды. Микро жеңістер қолымыздан бәрі келетінін көрсетеді", - дейді маман.
Ал эмоциялық банк есебі төмен адамдарда қарым-қатынас орнатуда мәселе туындайды, себебі сенім деңгейі төмендеп, жанжал бола бастайды.
"Күш-қуатты қалай арттыруға болады? Өзіңізге уәде беріп, соны орындаңыз. Сен уәде бердің, оны орындадың. Эмоциялық банк есебі төмен болған кезде қарым-қатынас та әрең болады, сенім жоғалады, адамдардың арасындағы сенім жоғалады", - дейді маман.
Сонымен қатар, аталған құралдың көмегімен баламен сенімді қарым-қатынас орнатуға болады.
"Уәде бер - орында. Бала анасына не әкесіне сенеді. Егер олар уәде берсе, орындайтынына сенеді. Оларда осы секілді паторлық тәртіп қалыптасады", - дейді спикер.
Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, Spotify, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова, Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы Нұрмұxаммед Досыбаев, "Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Жұмағұлова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также