19 наурыз 2014 18:55

Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады

©Flickr.com

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары Наурыз мейрамына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазгидромет" гидрометорталығының директоры Баян Сазанованың хабарлауынша, мереке күндері түнгі температура әлі де төмен болады, ал күндізгі температура сәл жоғарылайды. "Оңтүстікте күндіз де, түнде де температура қолайлы. Күндіз - 10-15, түнде - 5 градус жылы", - дейді Сазанова. Оның мәліметінше, Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы 5-10 градус суықтан 0-5 градусқа дейін жылынады, күндіз 3-8 градустан 10-15 градусқа, кей жерлерде 20 градусқа дейін көтеріледі. "Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде температура 5-10 градусқа түсіп, кей жерлерде 15 градустан 0-5 градусқа дейін төмендеп, бірнеше аймақта 8 градус суық болып, ал күндіз ауа 0-5 градус, кей жерлерде 10 градус жылы болады. Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін төмендеп, ал күндіз 10-15 градусқа көтеріліп, 20 градустан 3-8 градусқа дейін, кей жерлерде 13 градусқа дейін жылы болады", - дейді Сазанова. Жақын күндері Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашыны, көктайғағы, 15-20 м/с күшті желі бар тұрақсыз ауа райы күтіледі. "Бірақ мұндай ауа райы тек 22 наурызға дейін болады. 22 наурыздан соң ауа райы жақсарады. Температуралық фон жоғарылайды. Көктем республиканың солтүстігіне наурыздың соңында келеді", - деді ауа райын болжаушы маман. Оның айтуына қарағанда, сәуір айында температура қалыпты мөлшерден жоғары болады, сонымен бірге суық ауа толқындары да болып тұрады. "Бес градус аяздан төмен температура сәуір айының ортасында болуы мүмкін, республиканың оңтүстігінде шамамен 0-3 градус суық болады", - дейді гидрометорталығының басшысы. Бұған дейін "Қазгидромет" мамандары наурыз айының тұтастай суық болатынын хабарлаған еді. Айдың соңғы күндерінде ғана ауа райы жыли бастайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram