27 маусым 2018 | 15:49

Полиция ұстаған кезде қалай әрекет ету керек: Заңгердің кеңестері

Камила Долаева Журналист
Иллюстративное фото ©Турар Казангапов

Құқық қорғау органдары қызметкерлері ұстағанда қалай әрекет ету керек? Осы тақырып бойынша адвокат Максим Мостович Tengrinews.kz тілшісіне бірнеше кеңес берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Құқық қорғау органдары қызметкерлері ұстағанда қалай әрекет ету керек? Осы тақырып бойынша адвокат Максим Мостович Tengrinews.kz тілшісіне бірнеше кеңес берді.

Әкімшілік ұстау дегеніміз не?

Реклама
Реклама

Максим Мостовичтің айтуынша, процестік уақытша ұстау дегеніміз мысалы, полиция сізден күдіктеніп, еркіңізге қарамастан полиция бөліміне жеткізеді. Бұл мəселе Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 131-бабында қарастырылған.

Не істеуім керек?

Заңгер мұндай жағдайда өзіңді ұстау ережесін бірнеше кезеңге бөліп берді

1. Өзіңізді сыпайы, сабырлы және дұрыс ұстауыңыз керек. Полицей қауіп-қатер, бопсалау белгілерін байқамауы керек. Сол себепті қолды, аяқты, басты сермемеген жөн. Ұстау барысында видеоға түсіріңіз немесе біреуден сұрасаңыз болады. Еске сала кетейік, іс жүргізу әрекетін түсіруге рұқсат етіледі.

2. Сізді тұтқындаған адамдардың аты-жөнін, атауын және қызметін сұраңыз. Сондай-ақ, қамаудың негізін (не үшін күдіктенетіні туралы) және одан әрі тергеу үшін қайда алып кететінін сұраңыз.

3. Туысқан, дос немесе адвокатқа қоңырау шалыңыз және оларды алынған барлық ақпарат, соның ішінде қызметкерлердің және сіз жеткізілетін бөлімнің атауын қысқаша және жылдам хабардар етіңіз.

4. Адвокат ретінде ең алдымен жақыныңызды, не болмаса достарыңыздың танысын шақырғаныңыз абзал.

5. Адвокат келмейінше ешқандай ақпарат айтпаған жөн. Яғни адвокаттың кеңесін алмайынша үнсіздік сақтаңыз. "Тергеуден немесе қойылған сұраққа жауаптан бас тартқаныңыз үшін түрмеге қамаймыз" деп жатса, жауапкершіліктен қашпайтыныңызды, тек адвокаттың қатысуымен жауап беретініңізді айтқан дұрыс.

6. Арандатуға жол бермеңіз. "Егер сіз кінәсіз болсаңыз, неге сізге адвокат қажет, хаттамаға емес, өзіміз" сөйлесейік, содан кейін тікелей үйге барасыз". Мұндай  "жай" сөйлесудің арты насырға шауып кетуі мүмкін. Көп жағдайда процедуралық түрде берілген алғашқы көрсетілім маңызды. Себебі бір нәрсені дұрыс құрап айта алмай қалсаңыз, кейін ол сөз өзіңізге қарсы қолданылуы мүмкін.

7. Адвокат келгеннен кейін өзіңіз жақсы меңгерген тілде сөйлеңіз. 

8. Көрсетілім бермеуге де болады. Берілген көрсетілім сізге зардабы тиеді деп ойласаңыз "білмеймін, есімде жоқ, көрмедім, естімедім" деген сөздерді қолдансаңыз болады. Жауап беруді ұйғарсаңыз да, оны адвокаттың көзінше істеген жөн.   

9. Оқып, адвокатпен сараптама жасамайынша ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. 

 Полиция қызметкері өзін қалай ұстауы керек?

Сонымен, ондай оқиға болды делік. Полиция қызметкері қандай шара қолдануы қажет? Мемлекеттік қызметкерлердің этика кодексіне сәйкес, Қылмыстық кодекстің және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің негізгі қағидаттары полиция қызметкерінің әрекеті адамның ар-намысы мен қадір-қасиетiн құрметтеп, ешуақытта сөзбен я болмаса іспен залал келтірмеуі керек. 

"Бұл полицияның арнайы құралдарды, физикалық күшін, тіпті табельдік қаруын қолдануға болмайтынын білдірмейді. Әрине, егер ұсталған адам қарсылық, агрессия танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбайтын болса ғана мүмкін.

Мұндай жағдайда олардың тарапынан күш пен арнайы әдісті қолдануға рұқсат тек полиция қызметкерлері мен басқа адамдарға қауіп төніп тұрса қаруды қолдана алады" , - деді заңгер.

"Әрине, әр мұндай қабылданған шешім ақылға қонымды болуы керек. Полиция қызметкерінің жұмысының міндетінен асып кетпей, өзінің тарапынан емес, басқа адамдардың қауіпсіздігін ойлаған жағдайда қабылданатын шешім" , - деді ол. 

Қылмыстық жауаптылыққа тартылып немесе күдікті ретінде ұсталған болса, қызметкер оған не үшін заңгерді жалдауға және тыныштық сақтауға немесе сөйлеген жағайда айтылған сөзін сотта оған қарсы қолданылатыны туралы айтуға міндетті. 

Одан кейін тергеу органының лауазымды адамы, анықтаушы тергеуші қамауға алу туралы хаттама толтырады. Күдіктінің денсаулығының жалпы жағдайын анықтауға және дене жарақатының бар-жоғына тексеру жүргізеді.

Ұстау туралы хаттама мынадай ақпарат көрсетіледі:

1. Күдіктінің аты-жөні, тегi (өзімен бірге бар болса);

2. Күдiктiні кім ұстады, оның негiздерi, себептерi, ұстау орны, нақты ұстаған уақыты және жеткiзу уақыты (сағат және минут көрсетiле отырып);

3. Күдiктiнің құқықтарын түсiндiру туралы мәлiметтер;

4. Жеке іздеу нәтижелері;

5. Ұсталған адамның денсаулығы туралы мәлімет;

6. хаттаманың уақыты мен орны.

Хаттамаға оны жазған тұлға, күдікті және қорғаушы (оның қатысуымен) қол қояды. Медициналық сараптама қорытындысымен бірге кіреді.

Сізді қанша уақытқа дейін қамауда ұстай алады?

Максим Мостовичтің айтуынша, кәмелетке толғандарды полиция қызметкерлері 48 сағатқа дейін ұстай алады. Бастысы ұстаған кезден бастап емес, полиция бөлімшесіне тапсырылған кезден бастап саналатын уақыт.   

 72 сағатқа дейін қамайтын кез:

1) аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен;

2) терролық немесе экстремистік күдікпен; 

3) жаппай тәртіпсіздік қылмыс жасады деген күдікпен;

4) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасады деген күдікпен;

5) есірткі өнімін, психотроптық заттардың, прекурсор мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына, кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түскен кезде, сондай-ақ қасақана адам өліміне әкеп соқтырған қылмыс жасаған деген күдікпен;

6) айыпталушыны тергеу сотына дер кезінде жеткізе алмаған жағдайда немесе төтенше жағдайда келе алмаған кезде 72 сағатқа дейін тергеледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная