Видео кадры
Белгілі азаматтық белсенді Руслан Жанпейісов Кентауға барып, жергілікті полиция бөлімін видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгілі азаматтық белсенді Руслан Жанпейісов Кентауға барып, жергілікті полиция бөлімін видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен Кентау қаласының полиция бөліміне келдім. Келгеніме 20 минут болды, сенбі болғандықтан ба мұнда ешкім жоқ. Не басшы, не орынбасар, не жауапты қызметкер жоқ", - деді блогер.
Руслан Жанпейісовтің айтуынша, ол Daewoo Nexia көлігінің иесінде ксенон орнатқан деген күдікпен шағым түсірмек болған.
"Осылай болып тұр. Әзірше біздің мәселені шешу үшін жауапты қызметкерлерді күтеміз", - дейді Жанпейісов.