17 қаңтар 2018 16:28

Сарапшы Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапарының маңызы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Ақорданың баспасөз қызметінен Сурет Ақорданың баспасөз қызметінен

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы Оразғали Селтеев Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі, біріншіден, қазақстандық экономикаға америкалық инвестицияның жаңа ағымын қамтамасыз ету жағынан өте маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы Оразғали Селтеев Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі, біріншіден, қазақстандық экономикаға америкалық инвестицияның жаңа ағымын қамтамасыз ету жағынан өте маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"АҚШ инвестор-мемлекеттер тізімінде серіктестік жылдары ішінде 50 миллиард доллар көлемімен көш бастап тұр. Алайда, бүгінгі таңда америкалық корпорациялардың біз үшін қажетті бағыттарға қайта бағдарлануы керек. Бұл жерде цифрландыру, экспорттық тауарлардың негізгі үлесін құрайтын экономика саласындағы өндірістік процестерді автоматтандыру туралы айтып отырмыз", - дейді Оразғали Селтеев

Оның айтуынша, бұл тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары біздің модернизациялық бағдарлама мен экономикалық реформалардың негізгі векторларын таныстыру іспетті болды. Сондықтан, алдағы уақытта жоғары тезнологияларды енгізу бойынша жаңа екі жақты жобалардың пайда болуын күтуімізге болады. Бұл ең алдымен, мұнай-газ секторы, мұнай-химия саласы, энергетика, көлік-логистика инфрақұрылымына қатысты.

Сонымен қатар, сарапшы Қазақстанның әрдайым шетел инвесторларына, оның ішінде америкалықтарға да, бизнес жүргізудің ең тиімді шарттарын ұсынғанын айтып отыр. Қол қойылған келісімдер қазақстан-американдық бизнес серіктестігі алдағы уақытта да қарқынын жоғалтпайтынына кепілдік береді.

Қазақстан Президенті АҚШ-тың ресми өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, Назарбаевтың 18 қаңтарға белгіленген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысатыны айтылады.

Сондай-ақ, осыған дейін саясаттанушы Ерлан Қарин Назарбаев пен Трамп кездесуінің маңыздылығын айтқан еді. "Иә, Қазақстан өңірлік мемлекет болып саналады, дегенмен де Қазақстан түрлі халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан да біздің президентіміздің Америка басшысымен кездесуі осы мәселенің өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деген еді Ерлан Қарин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети