21 қаңтар 2019 | 15:14

Түрген, Табаған, Бутаковка және Көкжайлауды дамытудың шеберлік-жоспары әзірленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігі баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігі баспасөз қызметінен

Алматы агломерациясының тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспары жасалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы агломерациясының тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспары жасалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша Австрияның Master Concept компаниясы мегаполис айналасы мен алматылық агломерацияның 2030 жылға дейінгі тау кластерін дамытудың шеберлік-жоспарын жасады. Туризм саласын дамыту мақсатында өңірдің барлық тау локациялары қамтылатын болады, оның ішінде Турген, Ақ Бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көкжайлау, Шымбұлақ және Қаскелең.

Master Concept компаниясының бас директоры Гернот Ляйтнер өзінің сөзінде алматылық өңірдің тау кластерінің туристік потенциалының өте жоғары екенін айтты. Шеберлік-жоспар аясында 470 шақырым соқпа және 85 шақырым велосипед жолдарын, 45 шақырым атпен жүру бағыттарын, 250 шақырым шаңғы трассаларын дамыту қарастырылған, бұл тарссалардың ағымдағы ұзындығынан 6 есе көп.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматы облысы әкімдігінің басшылығымен бірге көшпелі жиын өткізіп, өңірдің барлық тау локацияларын қарап шықты.

Алматы әкімі тау аумағында қожетімді спорттық-отбасылық курорт ұйымдастыру үшін "ЦСКА" тау шаңғысы базасын қаланың коммуналдық меншігіне беру жөнінде мәселені қарастыруды тапсырды.

Бұлардан өзге, Бауыржан Байбек тау туризмін дамыту мақсатында "Пионер", Oi-Qaragai Lesnaya Skazka тау курорттарына дейін қала маңындағы елді мекендерде тасымалдауды ұйымдастыруды тапсырды. Жаңа автобус бағыттары аптасына үш рет (Жұма - Сенбі - Жексенбі) күндері 2-3 сағаттық интервалмен қатынайтын болады.

Айта кетерлігі, тау кластерін дамыту туралы шеберлік-жоспарын жасау жөніндегі меморандумға қол қоюға Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдікітері, Іле-Алатау ұлттық паркі, "Қазақ туризм" және Master Concept компаниялары қатысты. Шеберлік-жоспарының концепциясын талқылау тобына мемлекеттік органдардың, туризм саласындағы халықаралық компаниялардың, қоғамдық қорлардың, туристік ассоциациялардың, жоғары оқу орындарының, спорттық туризм федерациясының өкілдері енді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети