Алматыда Қазақстанның құрметті журналисінің шығармашылық кеші өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Серік Жанболат. © kazgazeta.kz Серік Жанболат. © kazgazeta.kz

Алматыда Қазақстанның құрметті журналисі Серік Жанболаттың шығармашылық кеші болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, журналист әрі композитор Серік Жанболаттың 50 жасқа толуына орай ұйымдастырылған кеш кеше, 8 сәуір күні Студенттер сарайында болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Қазақстанның құрметті журналисі Серік Жанболаттың шығармашылық кеші болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, журналист әрі композитор Серік Жанболаттың 50 жасқа толуына орай ұйымдастырылған кеш кеше, 8 сәуір күні Студенттер сарайында болды.

"Сағынып өмір сүрейін" атты шығармашылық кеші жаңалыққа толы болуымен ерекшеленді. Әуезді әнмен әуелеген мерейлі кеште Қазақстанның белгілі әншілері: Майра Ілиясова, Саят Медеуов, Заттыбек Көпбосынұлы, Ақбота Керімбекова, Айгүл Қосанова, Роза Әлқожа, Ерлан Рысқали, Бағлан Әбдірайымов пен Сержанәлі Әлібек, "Қоңыр" және "Серілер" тобы өнер көрсетіп қана қоймай, Сәуіржан мен Мерей атты екі жігіттен құрылған жаңа топ пен Айдана есімді жас қыздың өнердегі тұсауы кесілді. Кеш иесінің сөзі және әніне жазылған әндерді әсерлі етіп жеткізе білген өнер жұлдыздары концерт қонақтарының көңілінен шықты.

Сонымен қатар, кеш барысында Серік Жанболаттың өмірдегі жолдасы, қызметтегі әріптесі тележурналист, қаламгер Арман Сқабылұлының "Өкпелемеші" атты кітабының тұсауы кесілді. Бұл кітаптың да өзіндік ерекшелігі бар, ол - автор айтпақшы, бірнеше сағаттық жиындар кезінде ұялы телефонға жазылып, әлеуметтік желілерде жарияланып, кейін басылып шыққан.

Шығармашылық кештің жаңалығы мұнымен де таусылған жоқ. Серік Жанболаттың өмірдегі тағы бір досы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, қазақтың тұңғыш бард-жырауы, марқұм Табылды Досымовтың "Өкпелемеші" атты әнін "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов тұңғыш рет сахнаға алып шықты.

Кеш соңында Серік Жанболаттың атына жолданған әкімдердің, жоғары оқу орындары мен ақпарат құралдары басшыларының және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің құттықтаулары салтанатты түрде табыс етілді. Сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев Серік Жанболатқа "Қазақстанның құрметті журналисі" деген атақ беріп, төсбелгісін тақты.

Айта кетейік, Серікбек Мейрамбекұлы Жанболат 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.1981 жылы аудандық "Совхоз туы" газетінде журналистік қызметін бастап, содан бері 30 жылдан астам уақыт бойы теледидар мен газет саласында табан аудармай еңбек етіп келеді. Білікті журналист, іскер ұйымдастырушы Серікбек Жанболаттың авторлығымен Қазақ теледидары саласында әр кездері "Ар" студиясы, "Жігіттің сұлтаны", "Қыз сыны", "Тайбурыл" телебәйгесі, "Үкілі үміт" түркі әндерінің байқауы сынды сәтті жобалар дүниеге келіп, теледидардың алтын қорын толықтырды.

Сонымен қатар, белгілі тележурналист, "Айқын" және "Алаш айнасы" газеттерінің негізін қалаушылардың бірі, деректі киношы, сазгер, білікті ұйымдастырушы Серікбек Жанболат Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты және Президент алғыс хатының екі мәрте иегері. Қазақ журналистика саласына сіңірген еңбегі үшін "Мәдениет қайраткері" төсбелгісі табыс етілген. Қазақстан Журналистер Академиясының академигі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro