Доллардың өсуіне байланысты авиабилеттер қымбаттайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Елімізде доллардың өсуіне байланысты авиабилеттер қымбаттайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мәліметке қарағанда ұлттық әуетасымалдаушы компания халықаралық бағыттардағы авиабилеттердің құнын өзгерту туралы шешімді 2014 жылдың 12 ақпанында қабылдайды. "Халықаралық рейстерге авиабилеттердің құны доллардың жаңа бағамы бойынша қайта есептеу барысында қаралатын болады. Ал ішкі рейстерге бекітілген билеттердің құны өзгеріссіз қалады", деген компанияның баспасөз қызметінің хабарында. Сондай-ақ Luk Aero әуекомпаниясының жетекшісі Океан Ким де халықаралық рейстерге байланысты билеттердің құны 2014 жылдың 12 ақпанында қайта қаралатынын хабарлады. Өйткені фирма шетел әуежайлары көрсететін барлық қызмет түрлеріне және жанармайға есеп-қисапты доллармен жасауда. Сонымен қатар компания несилерін шетел валютасымен алған. Еске сала кетейік, бүгін, 11 ақпанда доллар бағамы көтерілді. Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын алғашқы деңгейде ұстап тұрудан бас тарту туралы өз шешімін жариялады. Елімізде доллар курсының жаңа бағамы орташа есеппен 185 теңге төңірегінде болады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro