14 наурыз 2016 | 09:42

Лондонда табылған жарты метрлік егеуқұйрықтың жұмбағы шешілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© SWNS.com © SWNS.com

Ғалымдар Лондонның балалар алаңынан өлі табылған үлкен егеуқұйрықтың жұмбағын шешті. Ол Гамбиядан жеткізілген қалталы егеуқұйрық болып шықты, оны Еуропа тұрғындары соңғы уақытты экзотикалық үй жануары ретінде ұстайды, - деп хабарлайды The Sun.


Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар Лондонның балалар алаңынан өлі табылған үлкен егеуқұйрықтың жұмбағын шешті. Ол Гамбиядан жеткізілген қалталы егеуқұйрық болып шықты, оны Еуропа тұрғындары соңғы уақытты экзотикалық үй жануары ретінде ұстайды, - деп хабарлайды The Sun.

"Бұл өте ақылды әрі үлкен кеміргіштер - олардың үлкендігі соншалықты, кейде оларды тіпті байлап ұстайды", - дейді Хаддерсфилд Университетінің докторы Дуги Кларк. Ғалымдардың айтуынша, оларды Мозамбик және Камбоджа елдерінде мина іздеуге белсенді түрде қолданады екен. 

Еске салайық, Лондондағы балалар алаңында ұзындығы жарты метр болатын егеуқұйрық табылған еді. Төрт жасар баладай болатын егеуқұйрық Лондонның солтүстік бөлігіндегі балалар алаңында табылған. Ірі кеміргішті 46 жастағы инженер Тони Смит пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда көріп қалған. Өлі егеуқұйрық ойын алаңының маңында жатқан. Тони Смит егеуқұйрықты қоқыс шелегіне тастағысы келген, алайда оны суретке түсіріп алуды жөн көріпті. Суреттегі егеуқұйрықты оның досы электрші Джеймс Грин ұстап тұр. Айта кетейік, жануардың салмағы 12 келі.  

Ал осы уақытта суретті көрген желі қолданушылары оның жұмбағын шешкісі келіп, түрлі пайымдар айтқан еді. Біреулері тіпті мұның мутациядан немесе гипофиз ісігінен болғанын болжаған. Ал скептиктер суреттегі жануарды ойыншық деп те тұжырым жасады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети