Аяқ киім шығаратын компаниясы бар бразилиялық бизнесмен Педро Гренден Бартелл Уругвайдағы казинолардың бірінде 35 мың долларын бәске тігіп, 3,5 миллион доллар ұтып алды. Ер адам мен оның достарының ұтыс кезіндегі әрекеті видеоға түсірілген. YouTube хостингінде пайда болған ролик жайлы бастапқыда жергілікті БАҚ жазған, кейін әлемдік басылымдар да тарата бастады.
Казиноға келген бизнесмен 32 деген санға бар ұтысын тіккен. Ойын аппаратының тілі осы санға келіп тоқтағанда, мекеме ішіндегілер қуанып, шулай бастайды. Бизнесмен мен оның достары болса құшақтасып, секіріп, бір-бірін құттықтай бастайды.
Ұтыс шыққан казино. © Google Maps
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00