02 желтоқсан 2015 | 09:49

Зиданның ұлы қарсыласын баспен ұрып құлатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лука Зидан. Суретті түсірген: Petter Arvidson/Global Look Лука Зидан. Суретті түсірген: Petter Arvidson/Global Look

Франция құрамасының экс-капитаны Зинедин Зиданның ұлы Лука әке жолын қуып, өмірін футболмен байланыстырғаны белгілі. Ал таяуда "Реал" мен "Атлетиконың" 17 жастан жоғары ойыншылары арасында өткен матчы кезінде ол қарсыласын баспен қойып қалған, - деп хабарлайды 24.kz арнасы The Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Франция құрамасының экс-капитаны Зинедин Зиданның ұлы Лука әке жолын қуып, өмірін футболмен байланыстырғаны белгілі. Ал таяуда "Реал" мен "Атлетиконың" 17 жастан жоғары ойыншылары арасында өткен матчы кезінде ол қарсыласын баспен қойып қалған, - деп хабарлайды 24.kz арнасы The Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

Кездесу барысында "Реалдың" қақпашысы Лука Зидан "Атлетиконың" шабуылшысымен сөзге келіп қалған. Оның қарсыласты баспен ұру сәті бейнекамераға түспеген. Бірақ, мұны байқаған қырағы судья кіші Зиданға қызыл қағаз көрсетті.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында Луканың әкесі де осындай соққысымен көзге түскен еді. Ол кездесудегі қосымша берілген уақытта Италия құрамасының қорғаушысы Марко Матераццимен кикілжіңге келіп, оны кеудесінен баспен ұрып құлатты. Ақыры сол матчта Зидан қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетілді. Зинедин Зидан 2014 жылдан бастап, "Реалдың" резерв командасының жаттықтырушысы қызметін атқарады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети