Желі қолданушылары "Қытайдың ең әдемі қылмыскеріне" тамсанды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Mianyang police © Mianyang police

Сычуань провинциясының Мяньянь қаласындағы полиция қызметкерлері іздестіру тізімінде тұрған алаяқ делінген Цинчэнь Цзинцзиннің суретін жариялады, бірақ оны іздестірудің орнына әлеуметтік желі қолданушылары таңданыс білдірді, - деп хабарлайды Lenta.ru тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сычуань провинциясының Мяньянь қаласындағы полиция қызметкерлері іздестіру тізімінде тұрған алаяқ делінген Цинчэнь Цзинцзиннің суретін жариялады, бірақ оны іздестірудің орнына әлеуметтік желі қолданушылары таңданыс білдірді, - деп хабарлайды Lenta.ru тілшісі. 

Қыз "Қытайдың ең әдемі қылмыскері" атанды. Ол бар мен шай ішетін үйлердегі мас қонақтарды алдап ақша алатын қылмыстық топтың құрамында болды деп айыпталған. Банданың екі мүшесі полицейлерге берілді, ал қалғандары қашып жүр. Полиция ақпараты бойынша, қылмыстық топ ақша жымқырумен кем дегенде бір жарым жыл айналысқан. 

Цинчэннің нақты жасы мен не істегені анықталмады. Алайда бұрынғы "әріптесі" оның шамамен 19 жаста екенін айтқан. Ол қыздың адаммен тез тіл табысатынын және өзінің келбетімен тамсанатынын айтқан. Бірақ ұрлық жасайтыны үшін қызға көбі дұрыс қарамаған және жұмысынан шығып кеткен ол жігітімен шетелге кететінін айтыпты. 

Сонымен қатар, өзін оның бұрынғы сыныптасымын деп таныстырған жігіт журналистерге хабарласқан. Айтуынша, Цинчэнь "сыныптағы ең әдемі қыз" болған және ұлдар арасында танымалдығын қолданған. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, мұндай келбетпен қызға алаяқтықпен емес стример болып ақша тапқан оңай болушы еді. "Ол Қытайдағы суреті танымал болғанын қаламаған алғашқы адам шығар" деп жазған Weibo әлеуметтік желісінің қолданушысы. 

Полицейлер Цинчэннің танымалдығына жауап ретінде "Сұлу болған - мәселе емес, бірақ келбетін қолданып қылмыс жасау - дұрыс емес" деген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro